2012 жылдың соңынан бастап нетбуктардың дәуірі аяқталады. Өйткені, нетбук шығаратын Asus және Acer секілді ірі компаниялар 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап осы типтегі ноутбуктарды құрастыруды тоқтататынын айтты.
2009 жылғы белді ABI Research компаниясының зерттеуі бойынша 2013 жылы бүкіл әлемде нетбуктардың жалпы саны 139 миллионға жетеді екен. Бұл зерттеуде нетбук өндіретін ірі 23 компанияның тауарлары ғана есептелген.
Басылымның ақпараты бойынша, енді Asus және Acer копанияларының нетбуктары нарыққа шықпайды. Олар енді тек қоймаларында қалған нетбуктарын ғана сатылымға шығарады.
Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ
Сурет:kurs.ru