Aston Martin компаниясы ресми түрде жаңартылған V12 Vantage S купесін таныстырды. Жаңа көлік шектелген тиражбен шыққан One-77 гиперкарын есепке алмағанда, қала ішінің жолдарында жүруге арналған марканың ең жылдам сериялық моделі болып отыр.
Aston Martin V12 Vantage S капотының астында жаңа 6,0-литрлі он екі цилиндрлі AM28 қозғалтқышы орнатылған. Агрегат 573 ат күшіне және 620 Н∙м айналу моментіне ие. Оны Sportshift III AMT роботтандырылған 7-сатылы трансмиссия қозғалысқа келтіреді.
Көлік массасы 1665 келі, яғни бұрынғы V12 Vantage қарағанда 15 келіге жеңіл. Автокөліктің масималды жылдамдығы сағатына 330 шақырымды құрайды. Ал жүз метрге төрт секундтан аз уақыт жұмсайды.
Бұдан бөлек, Aston Martin V12 Vantage S-ке бейімделген Bilstein подвескасы қойылған. Ол үш режимде жұмыс жасай алады. (Normal, Sport және Track).
Жаңа көліктің сыртқы дизайны бұрынғы V12 Vantage-ге қарағанда радиатор торының өзгешелігімен ерекшеленеді. Ал Aston Martin V12 Vantage салонында жеңіл салмақты, тері мен алькантарадан жасалынған орындық қойылған.
Aston Martin V12 Vantage S биылғы жылдың шілде айында Гудвудтегі жылдамдық фестиваліне қойылмақ. Көліктің ресми бағасы әлі белгіленген жоқ. Бірақ мамандар оны 200 мың доллардан басталады дегенді айтады.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: mail.ru