Apple ұсынған ағаш пен теріден жасалған пернетақта

АҚШ-та Робби есімді технологиялармен айналысатын дизанер жігіт Apple-ге арнап ерекше пернетақта жасаған екен. Оның ойынша, қазіргі гаджеттер мен девайстардың дизайндары тым "суық" және "өлі". Олардың барлығы пластмасса, темір немесе әйнектерден жасалған. Яғни барлық материал жасанды. Табиғаттан тысқары. Роббидің ойынша, жасанды материалдардың адам психикасына тигізетін теріс әсері өте көп. Сондықтан дизайнер қазіргі заманғы құрылғыларға табиғи материалдардың көмегімен ерекше түр беруді шешкен екен. 

Ол осы сөздеріне дәлел ретінде, өз қолымен Apple пернетақтасын тері мен ағашқа орап, жаңа  кейіптегі экологиялық таза, дизайны жағынан да тартымды пернетақта жасап шықты. 


Сымсыз пернетақтаның батырмалары ағашпен қапталса, корпусы теріден тігілген материалмен оралған. Бірақ пернетақтаның жалпы қызметі өзгерген жоқ. Ішкі бөлігіндегі элементтер де сол күйінде. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: gadgetshot.ru