Apple Watch «ақылды» сағатының суға беріктігі — IPX7. Бұл сағаттың толық су өткізбейтінін білдірмейді. Дегенмен, Apple компаниясының жаңа өніміне қатысты ережесіне сәйкес, белгілі бір жағдайда смарт-сағатты жууға кеңес берілгені анықталды.
Расында, сағаттың сандық бұрағышы мен корпусының арасына шаң толып қалған жағдайда, ол айналмай қалады екен. Осы кезде құрастырушылар оны сумен жууға кеңес береді. Ол мына алгоритммен жүргізіледі:
1. Apple Watch сағатын өшіріп, оны қуаттау құрылғысынан алып тастаңыз;
2. Егер белдікшесі былғарыдан жасалған болса, оны шешіп алыңыз;
3. Сосын сағатты орташа ағыстағы жылы таза суда 10-15 секунд ұстай тұрыңыз (сабын секілді жуу құралдарын пайдаланбаған жөн);
4. Біркелкі айналдырып, сандық бұрағышын судың ағысына бағыттаңыз;
5. Смарт-сағатты толық кепкенше іске қоспаңыз;
Apple смарт-сағатты суға толық берік болмаса да, уақытылы сумен тазалап тұруға кеңес береді. Бұл сағатты оқыста суға түсіріп алғаныңыздан еш қауіп жоқ екенін білдіреді. Тіпті осыған дейін жүргізілген краш-тесттердің бірінде гаджеттің 15 минут суда болып, аман шыққанына да куә болдық.
Apple Watch-тің әлемдік сұранысқа ие болуына осы сынды ерекше қырлары себеп болады. Аталған өнімнің одан бөлек тағы біраз артықшылығы бар екені белгілі. Біз ол туралы гаджетке қатысты келесі мақаламызда айтатын боламыз.
Ұқсас жазбалар:
Apple Watch краш-тестке төзімді ме? (Видео)
Apple Watch қуаты 2,5 сағатқа жетеді