Apple қызметкерлерін жазалап жатыр

Кеше түнде компания өкілдері басшылықтағы бірер өзгерістер туралы айтып берді.

Бұл шаралардың себебін өкілдер соңғы тоқсандық нәтижелердің төмен болғандығымен түсіндірді. Оның үстіне тұтынушылардан соңғы iPhone-ның кемшіліктері туралы арыз көп түскен.

Келесі жылдың жазында компанияның iOS дайындау жөніндегі жетекшісі Скотт Форсталл ұжыммен қош айтысатын болады. Скотт оған дейін Apple-дың атқарушы директоры Тим Куктың кеңесшісі қызметін атқаратын болады.

Скотт Форсталл және Джон Брауэтт (солдан оңға қарай)

Сонымен қатар, компанияның бөлшектеп сату бөлімінің вице-президенті Джон Брауэтт та қызметінен босатылмақ. Айта кетелік, Брауэттың ұжымға қосылғанынан бірнеше ғана ай болған еді.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: kursiv.kz, appleinsider.ru