- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Apple компаниясына айыппұл...
Apple компаниясына айыппұл салынды
Франциядағы бәсеке мен алаяқтықты бақылау агенттігі ескірген смартфондардың жұмысын тежегені үшін Apple компаниясына 25 миллион еуро көлемінде айыппұл салды. 2017 жылы Apple компаниясы құрылғылардың "ғұмырын ұзарту" үшін кейбір смартфондардың жұмысын баяулатқанын мойындаған еді.
Apple неге ескі смартфондардың жұмысын тежейді?
Жаңа смартфон сатып алсын деген оймен Apple ескі смартфондардың жұмысын тежейді деп қолданушылар күмән келтіретіні рас. 2017 жылы компания мұны мойындады, бірақ басқа себеппен – смартфондағы литий-ион батареялар уақыт өте келе тоза бастайды. Бұл смартфонның түбегейлі істен шығуына себеп болмақ.
Қандай айфондардың жұмысы баяулайды?
2017 жылы компания мойындағаннан кейін мұндай практика мына модельдерге қолданылатын болды:
• iPhone 6, 6 Plus, 6S, 6S Plus;
• iPhone SE;
• iPhone 7 және 7 Plus;
• iPhone 8 және 8 Plus (iOS 12.1 немесе одан жоғары);
• iPhone X (iOS 12.1 немесе одан жоғары);
• iPhone XS, XS Max және XR (iOS 13.1 немесе одан жоғары).
Бұл параметр батарея баяулай бастағанда қосылады.
"Жаңа смартфондарда жұмыстың баяулағаны аса сезілмейді, себебі оған барынша жетілген бағдарламалық жасақтама орнатылған", - дейді Apple.
Дереккөз: bbc.com
Massaget