Apple компаниясы Шанхай қаласында зерттеу орталығын құрмақ

Apple компаниясы Шанхай қаласында зерттеу орталығын құрмақ

Apple компаниясы биыл жазда Қытайдың Шанхай қаласында зерттеу орталығын құрмақ. Қазір бұл орталықтың құрылыс жұмысы негізінен аяқталды.

Apple компаниясы бұл құрылысты алты жыл бұрын бастаған болатын. Енді бұл зерттеу орталығы осы жылдың ортасында өз жұмысын бастамақ. Орталықтың жалпы көлемі 9300 шаршы метр.

Компания осы зерттеу орталығы үшін Қытай үкіметіне жыл сайын 10 миллион долларға жуық салық төлеуі мүмкін.

SAMSUNG пен басқа да компаниялардың бәсекелестігі әлемге әйгілі «Алманың» болашағына қауіп төндіре бастады. Жан саны көп Қытай еліндегі базарын қолдан бермеуге барынша күш салса да, 2012 жылы бұл компания өндірген телефон Қытай базарында 6-орынға түсіп қалды. Ең көп сатылым тағы да SAMSUNG компаниясының қанжығасында кетті. Қытай тіліндегі телефон жүйесін жалпыластыру үшін үздіксіз зерттеу орталықтарын құруға тура келіп отыр.

“Шанхай тұрмысы” газетінің тағы бір хабарына сүйенсек, осы компания Қытай елінің астанасы Пекин қаласынан тағы бір зерттеу орталығын ашуды жоспарлап отыр екен. 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: shanghaiwanbao.com

Қ. Қауымбек