"Apple" киім-компьютер өндірісін жолға қоймақ

"Apple" киім-компьютер өндірісін жолға қоймақ

АҚШ-тың Apple корпорациясы "Yves Saint Laurent" сән үйінің  бұрынғы бас директоры Пол Деневпен бірлесе отырып, киім-компьютер жасап шығару жобасын қолға алмақшы. Компания инженерлері  электроника өнімінің жаңа түрлерін ойластыруда. 

Айта отырсақ, Денев "Apple" корпорациясында сонау 90 жылдары жұмыс жасаған болатын. Ендігі таңда ұжым құрамына қайта оралып, тәжірибелі сәнтүзуші жаңадан шығып жатқан замандық технологияларды жандандырмақ. Мәселен, иірімді интегралды сызбаларды құрастыруда қолданылатын тоқ өткізгіш сияларды қолдану арқылы инженерлер iPod-ты динамикасымен бір қатарда жейдеге орналастыра алар еді.  

"Credit Suisse" сарапшылары заманауи нарықтағы "ақылды" сағаттар, фитнес-мониторлар, құлаққаптар мен "ақылды" аяқ-киімдер секілді "киілетін һәм тасымалданатын" технологияларды 5 миллиард долларға бағалап отыр. Алайда, жақын жылдарда бұл көрсеткіш 50 миллиард долларға дейін өсуі мүмкін. 

"Apple" компаниясы нарықтағы алғашқы қадамын үсей-асайлардан (аксессуар) бастайды. Мысалы, iWatch. 

сурет:fr.ubergizmo.com 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

 

Л. Лига