2015 жылға қарай LG Display компаниясы келісім бойынша Apple-ге ай сайын Watch смарт-сағаттарына арналған 5 миллион AMOLED-диплейлерін шығаратын болады. Бұл туралы тайваньдық DigiTimes басылымы оңтүстіккорейлік компанияға сілтеме жасай отыра жазады.
Ресми таныстыру кезінде айтылғандай, Apple өзінің смарт-сағаттарын келесі жылдың бірінші кварталынан бастап сатылымға шығаратын болады. Расталған ақпараттарға орай, силикондық компания 2015 жылы аз-кем 50 миллион смарт-сағатын әлемдік нарықта сатуды жоспарлайды екен.
Сонымен қатар, Apple енді AMOLED-панелдерін Samsung Display-ден сатып алмайтын болады. Ендігіде, Apple Watch өніміне негізгі ресурсты LG компаниясы жеткізетін болады екен.
AMOLED-технологиясындағы экранның ұтымдылығына қарай қуат үнемдейтіні белгілі. Сондықтан смарт-сағаттар нарығында Apple айқын басымдылыққа жететіндігіне көз жеткізіп отыр. Дегенмен, Apple мамандары аталған технологияны iPhone немесе iPad өнімдерін жасауға қолдануды ойға алған емес.
Сонымен қатар, Canalys мамандарының болжауынша, 2015 жылға қарай Apple Watch смарт-құрылғылар нарығының басым бөлігін жаулап алуы мүмкін. Статистикалық зерттеулердің нәтижелері келесі жылға қарай 43,2 млн смарт-сағаттың сатылымға шығатынын көрсетіп отыр. Оның 28,2 млн данасы Apple өнімі болмақ. Ал тағы 15 миллионы жалпы смарт-құрылғыларға қатысты айтылған. Соңғы сандық көрсеткіштері Fitbit және Jawbone фитнес-браслеттерінің еншісінде қалыпты.
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет: lockerdome.com