Осыдан бірнеше ай бұрын KGI Securities компаниясының сарапшысы Минг-Чи Куо Apple-дің келесі жылы шығаратын гаджеттеріне болжам жасап көрді. Оның зерттеуі бойынша, 2018 жылы 3 смартфон шығады, олар: біріншісі 6,5 дюйм OLED-экранды, екіншісі iPhone X секілді 5,8-дюйм, үшінші 6,1 дюйм LCD‑экранды. Nikkei Asia Review басылымының хабарлауы бойынша, LCD-модель сырты түрлі-түсті металл корпуспен қапталады екен. Аталған басылымның болжамы KGI Securities компаниясы сарапшысының тұжырымынан сәл өзге. Олардың пайымдауынша, екеуінің корпусы 6,3 дюйм, ал үшіншісі 5,8 дюйм болады. Apple компаниясы металл корпусқа қайта ауысады деген болжамның орын алуына толықтай негіз бар. Өйткені, әйнек смартфондар тұтынушылар үшін шығынды болып отыр. Мысалы, iPhone X телефонының әйнегін айыстыру $ 279 тұрады, бұл көрсеткіш iPhone 6-мен салыстырғанда ($ 129) екі есе қымбат.