Apple келесі жылы 3 жаңа гаджет шығарады

Apple келесі жылы 3 жаңа гаджет шығарады
Фото: vk.com

Осыдан бірнеше ай бұрын KGI Securities компаниясының сарапшысы Минг-Чи Куо Apple-дің келесі жылы шығаратын гаджеттеріне болжам жасап көрді.

Оның зерттеуі бойынша, 2018 жылы 3 смартфон шығады, олар: біріншісі – 6,5 дюйм OLED-экранды, екіншісі – iPhone X секілді 5,8-дюйм, үшінші – 6,1 дюйм LCD‑экранды. Nikkei Asia Review басылымының хабарлауы бойынша, LCD-модель сырты түрлі-түсті металл корпуспен қапталады екен. Аталған басылымның болжамы KGI Securities компаниясы сарапшысының тұжырымынан сәл өзге. Олардың пайымдауынша, екеуінің корпусы – 6,3 дюйм, ал үшіншісі – 5,8 дюйм болады.

Apple компаниясы металл корпусқа қайта ауысады деген болжамның орын алуына толықтай негіз бар. Өйткені, әйнек смартфондар тұтынушылар үшін шығынды болып отыр. Мысалы, iPhone X телефонының әйнегін айыстыру $ 279 тұрады, бұл көрсеткіш iPhone 6-мен салыстырғанда ($ 129) екі есе қымбат. 

А. Оралқызы