Apple компаниясы продукцияларының соңғы 15 жылда кеңінен таралуы ең алдымен гаджеттердің сапасы мен сырт пішініне байланысты. "Алма" электроникасының дизайнын қазіргі кезде әлемнің барлық елдері бірден таниды. Дегенмен компания осы уақытқа дейін 1950-1960 жылдардағы Braun компаниясы өнімдерінің дизайнын ұрлап келген. Бұл шешімге Cult Of Mac компаниясының журналистері келіпті.
Ресурстың айтуынша, Apple-дың негізін қалаушы Стив Джобс пен компанияның дизайн бөлімінің аға вице-президенті Джонатан Айв уақытында Braun-ның дизайнері Дитер Рамстың туындыларына тамсанатындығын жасырмаған. Осылайша, аталған компания өнімдерінің дизайны Apple гаджеттерінде де көрініс берген.
Мәселен, 2001 жылы дүниеге келген iPod ойнатқышының сырт пішіні 1958 жылы пайда болған Braun T3 қалта радиосына ұқсайды:
PowerMac G5 (2003) жүйелік блогы немістік T1000 (1967) үстел радиоқабылдағышына келеді:
2007 жылғы iMac моноблоктық компьютерінің дизайны Braun LE1 (1959) динамигін еске түсіреді:
Ал iPhone-дағы (2007) калькулятордың дизайны 35 жылдық тарихы бар Braun ET44 калькуляторына ұқсайды:
Және бұл ұқсастықтардың соңы емес...
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: sunhome.ru, Cult Of Mac