Apple фанаттары iPhone 6 үшін кезекке тұруда

Apple өнімінің ерекше фанаттары Нью-Йорктегі Apple Store дүкенінің алдында кезекке тұруда, деп хабарлайды Re/code. Сатылымға ресми түрде шығатын күні белгілі болмаса да олар өз сүйікті өніміне бірінші болып жету үшін мұндай қадамға барып отыр.

Apple 9 қыркүйекте iPhone-ның жаңа нұсқаларын (4,7 және 5,5 дюймді) көрсетеді деп күтілуде. Шетелдік БАҚ-тардың жазуынша, алғашқы сатылымдар 19 қыркүйекке жоспарланған. Десе де смартфонның берілген қолданушылары қаптап кезекке тұрып жатыр. Оның ішінде бір жұп сатылым күніне дейін жететін азық-түліктері мен қажетті құрал-саймандарын да ала келген көрінеді. Бесінші авенюде бұдан басқа жатын орын, жайылма төсектер мен көрпелер жайылған.

Жанкүйерлердің ішіндегі ең ерекше қолданушылар Брайан Себалло мен Джозеф Круз де бар. Олар iPhone смартфонының әр таныстырылу күніне қатысып жүр. Осымен бесінші рет таныстырылымды күтіп отырған олар бұл істерін дәстүрге айналдырып алғанға ұқсайды. Ал дәл осы жолғы таныстырылымды екі апта бойы күту рекорд болмақ. Кейбір энтузиастар өз кезектерін алғашқылардың бірі болып алып, кейінде өз орындарын сатумен айналысады екен. Кезек бағасы мыңдаған долларға дейін жететін көрінеді. 

Apple компаниясы бұл шарада Apple iWatch ақылды сағаттарын да ұсынатыны белгілі. iWatch HealthKit және HomeKit платформаларында орналасатын болады дейді мамандар.  

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: iphones.ru