Apple АҚШ-тағы сотта Samsung-тан жеңіліп қалды

Apple АҚШ-тағы сотта Samsung-тан жеңіліп қалды

АҚШ соты Apple-дың Samsung-қа қатысты арызын қанағаттандырмады.

Естеріңізге сала кетелік, бұған дейін Apple компаниясы Samsung смартфондарының 26 моделін АҚШ нарығында сатуға тыйым салуды сұраған болатын. Бұл шағымды компания сәйкес патенттерінің бар екендігімен түсіндірген еді. Дегенмен істі қараған сот оңтүстіккореялық телефондардың америкалық iPhone-нан айырмашылығы бар деп шешіп, арыз берушінің өтінішін қанағаттандырған жоқ.

па

Егіз смартфон

ва

Қос компанияның егіз өнімі

Аталған қос компания смартфондарды сату құқығы үшін біраздан бері таласып келе жатыр. Мәселен, үстіміздегі жылдың тамыз айында Apple компаниясы Samsung-тан дизайн ұрлығы үшін 1,05 миллиард доллар өндіріп алғандығын айтқан болатынбыз. Әйтсе де, кейінірек Samsung Токиода өткен осы тектес процесте жеңіске жеткен еді.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: pro100-service.ru, iguides.ru, ntv.ru