Бүкіл әлемдегі смартфон тұтынушыларының 70%-дан көп бөлігі Android оперативті жүйесін қолданады. Ол қалай дейсіз бе? Кейбір смартфон тұтынушылар қай платформаны пайдаланатындарын да нақты білмейді. Мүмкін оның құрылымына қызықпайтын болар.
Егер сіздің смартфоныңыз iPhone болмаса, онда Android платформасын қолданасыз. Әрине мұнда, Windows Phone оперативті жүйесінің үлесін де ескеру керек. Дегенмен бүгінгі нарықтағы бәсекелестік тек iOS пен Android арасында ғана бар.
Google компаниясының «жасыл роботтары» туралы не білесіз? Осы мақсатпен Android тұтынушыларына арнайы тест дайындадық. Ендеше төмендегі тесттің көмегімен өз біліміңізді сынап көріңіз.
// =10 && g=15 && g=25 && g 1.
Google қай жылы
Android Inc. стартапын сатып алды?
A) 2002 жылы
B) 2009 жылы
C) 2006 жылы
D) 2007 жылы
E) 2005 жылы
2. Android платформасының алғашқы нұсқасы қай десерттің құрметіне аталды?
А) Миндаль (Almond)
В) Чизкейк (Cheesecake)
С) Брауни (Brownie)
D) Кекс (Cupcake)
Е) Чиа Пудинг (Chia Puding)
3. Қай компания Google тапсырысы бойынша
Nexus смартфонын шығарды?
А) Sony
В) Apple
С) Samsung
D) Lenovo
Е) Xiaomi
4. Android оперативті жүйесіндегі алғашқы смартфонды белгілеңіз.
А) HTC One M1
В) Sony Experia Z
С) iPhone 3G
D) Samsung Galaxy S5
Е) Nexus One
5. Бастапқыда
Android қандай атауға ие болған?
А) Lime Cake
В) Puncheso
С) Gingerbread
D) Linux
Е) Maderate
6. Смарт-сағаттарға арналған Android қалай аталады?
А) Android Wear
В) Android Watch
С) Android Wearable
D) Android Pebble
Е) Android Blumm
7. Бүгінге дейін
Nexus брендімен смартфонның неше нұсқасы шықты?
А) 3
В) 5
С) 7
D) 4
Е) 6
8. Android платформасының төртінші нұсқасы қандай атауға ие болған?
А) KitKat
В) Honeycomb
С) Ice Cream Sandwich
D) Chocolate Cake
Е) Lime Cake
9. Қай жылы алғашқы
Android-смартфон сатылымға шықты?
А) 2011 жылы
В) 2008 жылы
С) 2007 жылы
А) 2010 жылы
Е) 2004 жылы
10. Қай автокөлік маркасында
Android Auto моделі бар?
А) Hyundai
В) BMW
С) GMC
D) Ford
Е) Mercedes-Benz
Жауаптарды тазарту