iPhone смартфондарының нарықтағы сатылым деңгейі төмендеп бара жатқаны туралы Kantar Worldpanel маркетингтік компаниясы хабарлайды. Талдау сараптамаларының нәтижесіне орай, Apple өнімдері алдымен Жапонияда өз сұраныстарынан алшақтаған. Аталған елде iPhone 6 смартфондарының сатылымы 44,5 пайызға дейін төмендеп кеткен. Ал бұл көрсеткіш бүкіл әлемде де айтарлықтай пайыздық мөлшерін жоғалтып отырғанын сарапшы мамандар айтады.
Apple компаниясы маркетінің күрт төмендеуіне жаңа шығарылған смартфондары тұтынушылардың көңілінен шықпағанынан болып отырғаны белгілі. Жалпы тұрғыдан алғанда iPhone сатылымдары өткен жылғы көрсеткішке қарағанда 27,1 пайызға төмендеп кеткен. Бұл нарықтық үдеріске Android платформасында шығып жатқан смартфондардың да бәсекелеске қабілетті болып, жалпы нарықтың 52.3-ден 70.2 пайызына дейін көтеріліп кеткені болып отыр.
Apple өнімінен бас тарту өз Отанында да сезіле бастады. Айта кетсек, АҚШ-та сатылым деңгейі 37.5-ден 30.1 пайыздық көрсеткішке дейін төмендеген. Батыс Еуропада нарықтық көрсеткіш айтарлықтай төмендеген жоқ. Ал Аустралияда тіпті біршама жоғарылағаны да байқалады. Ендеше толық статистикалық ақпаратты төмендегі кестеден көрулеріңізге болады.
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет: gadgets-news.ru