Amoeba — төрт түрлі компоненттен тұратын флешка

Әдетте флеш-жинақтағыштарды сатып алу кезінде басты назар аударатынымыз оның көлемі болады. Дегенмен барлық өнертапқыш біркелкі бағытты ұстанбайды екен.

Кейде жұмыстың сапасын арттыруға демеу болатын қызық концептілер де бар болады. Осындай туындының бірі "Amoeba" деп аталады.

Дизайнер Хъюнсу Сон таныстырған көп салалы флешка модульдік қызметті ұсынады. Нақтырақ айтсақ, платформа төрт түрлі компонентке ие. Егер оларды біріктірсе, бір бүтін жадыға айналады.

Ең бастысы, оның белгілі бір секцияларға бөлінуі. Бірінші бөліміне иесіне қатысты жеке ақпарат сақталса, екіншісінде фото, ал үшінші мен төртінші бөліктерінде сәйкесінше музыка мен құжаттар жиналады.

Ал қолданушы аталған материалдарды жеке-жеке сақтауға міндетті емес. Себебі ақпарат өздігінен автоматты түрде бөлініп, жинақтала береді. Егер біреуге құжат жіберу керек болса, қажет блогты берсеңіз болғаны.

Идея тамаша емес пе? Қалай ойлайсыз?

Сурет: www.yankodesign.com

Оқи отырыңыз:

Шведтік фирма қызметкерлерінің денесіне чип орнатуда

LG компаниясы жұқа OLED-дисплей шығарады

Электронды қағаздан монитор шығаруға болады

Facebook желісін пайдаланушылардың саны 1,38 миллиардқа жетті