Әлемдегі ең ірі интернет-дүкендерінен бірі Amazon корпарациясы қаржы нарығында өзінің негізгі бәсекелестерінің бірі Google ге иелік етуші Alphabetкорпарациясынан алғаш рет басып озды. Қазіргі уақытта Amazon 763,27 миллиард долларға бағаланып отыр. Қаңтар айынан бері Amazonкорпарациясы акциялары 29 пайызға өскен. Ал, Alphabet акцияларының бағасы жыл басынан бері бірнеше рет өзгеріп отыр. 2017 жылғы есеп нәтижелері бойынша Amazon ның таза пайдасы 3,033 миллиард доллар болып, сауда-саттықтан келетін пайдасы 177,866 миллиард долларға жеткен. Айта кетсек, қазіргі күнде Amazonнан да акциялары қымбат корпарациясыбұл Apple. Екікорпарацияарасындағы қаржылық айырмашылық әлі де бірталай. Apple қаржысы 892 миллиард долларға тең. Amazonның қаржы нарығында нық тұруы инвесторларға байланысты болып отыр. Статистика мәліметінше, Amazon қызметінен әр жылы 196 миллионнан артық клиент пайдаланып келеді.