9-1-1 дегенде есімізге бірден американдық фильмдерден білетін шұғыл құтқару департаментінің телефоны түседі. Жоқ, бұл әңгіме американдық полицей қызметкерлері жайлы емес. Бүгінгі әңгімеміз көбіңіз сезіп отырғандарыңыздай, автосүйер қауымның арманына айналған «жаңа Porsche 911» жайлы болмақ.
Жаңа үлгіде ештеңе өзгермеген сияқты. Баршамызға баяғыдан таныс жұмыр қисық сызықтар мен сопақ «көздер» өз орнында. Ескі үлгідегі шанақ элементтерінің біреуі де жаңа 911-де жоқ. Жаңа көлікте дөңгелектер базасы 100 мм ұзарғанымен, шанақтың беріктілігі өсіп, салмағы 45 келіге жеңілдеді.
Бұған қоса, бұл көліктің базалық нұсқасында 7 баспалдақты беріліс қорабы қарастырылған. Бұндай орындалу үлгі тарихында бірінші рет болып отыр. Жаңа үлгінің «қарапайым» нұсқасында 350 а.к-ті, көлемі 3,4 л қозғалтқыш пен 7-диапазонды беріліс қорабы орын тапты. Көлік спидометрінің тілі бар жоғы 4,6 с ішінде 100 ш/с көрсетіп, жүргізушінің адреналин деңгейін біразға дейін төмендетпейді. Жаға «911» 100 шақырымға шамамен 8,2 л жанармай тұтынады.
Үлгінің «Carrera S» нұсқасы 400 а.к. көлемі 3,8 л қозғалтқышпен жабдықталған. 100 ш/с дейін көлік 4,3 с уақытта жетеді. Жаңа үлгі өткен жылдың аяғында ресми түрде жарияланып, Еуропадағы сатылымдары 3 желтоқсан күні басталды.
Cуреттер newcarseries.com сайтынан
Форумда талқылау