"Мені күйеусіз бақытсыз деп ойлайсыңдар ма?". Ерке Есмахан мезі еткен сұраққа жауап берді

"Мені күйеусіз бақытсыз деп ойлайсыңдар ма?". Ерке Есмахан мезі еткен сұраққа жауап берді
Фото: erke_esmahan

Танымал әнші Ерке Есмахан Instagram-парақшасында жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Instagram Stories-те оқырмандарының бірі одан "Қашан күйеуге тиесіз" деп сұраған. 

"Мені күйеуге жіберіп, өздеріңіз менсіз не істемекшісіздер. Неге сұрай бересіздер? Мені күйеусіз бақытсыз деп ойлайсыздар ма? Қателеспеңіздер!", - деді әнші.

Сондай-ақ, ол өмір тек ер адамның төңірегінде айналып жатпағанын жеткізді.

"Қасыңда жігітің, күйеуің бар ма, жоқ па, оған қарамай, өзің толық болуың керек! Өзіңді тап бірінші! Өмір тек ер адамның төңірегінде айналып жатқан жоқ!" - деді ол.

Ж. Қадыржанова