2014 жылғы Гиннесс рекордтар кітабы адам қолымен жасалған тағы бір ерекше жетістік – итальяндық Фабио Реджиани жасап шыққан 5 тонналық мотоцикл.
Алып мотоциклдың биіктігі 5,1 метр, ені 2,49 метр, ал салмағы бес жарым тонна. Оның қозғалуына көмектесетін 5,7 литрлік сегіз цилиндрлік қозғалтқыш. Оның қуаты 280 аттың күшіне тең екен.
Алып мотоцикл бекем болуы үшін Фабио негізгі екі дөңгелекке тағы бірнеше қосымша дөңгелек қосыпты.
Осылайша аталған мотоцикл калифорниялық Грегори Данхэмнің бұрынғы жетістігін басып озды: биіктігі 3,43 метр, ал салмағы 3 тонна болатын Monster Cycle.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: fishki.net