Pantech компаниясының жаңа 5-дюймды смартфоны ресми түрде таныстырылды. Pantech Vega Iron аталған құрылғы 1920х1080 пиксельді мүмкіндіктегі 5-дюймды дисплейге ие және Android 4.1.2 Jelly Bean операциондық жүйесінде жұмыс жасайды.
Pantech Vega Iron смартфонында жиілігі 1,7 ГГц болатын Qualcomm Snapdragon 600 процессоры орнатылған. 2 ГБ оперативті және microSD картасының көмегімен ұлғаятын 32 ГБ флеш-жады бар.
Жаңа өнім LTE, Wi-Fi, Bluetooth 4.0 сымсыз байланыс технологияларын қолдайды. Ал аккумулятор сыйымдылығы 2150 мА/сағ құрайды. Сондай-ақ онда 13 мегапиксельді, жоғары сапалы камера орнатылған.
Смартфонның нарыққа шығу уақыты мен бағасы әзірге белгісіз.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: ferra.ru