- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- 400 мың доллар...
400 мың доллар күлге айналып жанып кетті
"Жаңаның аты жаңа" дейді ғой. "Міне, жаңа машина сатып алдым, енді 3-4 жыл жөндемей, жөніммен жүре беремін". Әрине, бұл сөздің жаны бар. Әдетте, зауыт конвейерінен енді ғана шыққан темір тұлпардың кем дегенде күрделі жөндеусіз 3-4 жыл бойы, ондаған мың шақырым жерді жүріп өтуге күші жетеді. Бірақ, бұл сөз 400 мың долларға бағаланып тұрған Lamborghini Aventador-ға қатысты емес екен. Өйткені, ол тест-драйв кезінде ақ мамық мақтадай жанып кеткен...
АҚШ-тың оңтүстік Калифорния штатының 73-ші тасжолында кенеттен бақандай 400 мың доллар тұратын судай жаңа Lamborghini Aventador қызыл отқа оранып, күлге айналып кетті. Бұл келеңсіздік суперкарды тестілеуден өткізгенде орын алған. Куәгерлердің айтуы бойынша, бірінші болып көліктің артқы сол дөңгелегі отқа орана бастаған. Кейін белгілі болғандай, өрт машина қозғалтқышынан басталса керек. Бұл келеңсіздіктің ненің кесірінен орын алғаны әлі күнге дейін беймәлім.
Бұл машина жергілікті дилердің меншігінде еді. Төрт дөңгелекті тұлпардың тізгінің басқарған жігіттің бақыты бар екен. Ол көлікті сатып алуға үлгермепті. Меншігіне алған кезде қызық болар еді. Жүргізуші көліктен шығып, машинаны шөптен алыс жердегі тұраққа қойған. Бұл жүргізушінің шұғыл жағдайда түрлі әрекеттерге дайын екендігін көрсетеді. Өрт сөндірушілер келген сәтте, машина толығымен жанып біткен екен.
Қандай болды
Тек күлі ғана қалды
Суреттер:.idrive.kz