Американың Defense Distributed компаниясы 3D-принтерден басылып шыққан тұңғыш тапаншаны таныстырды.
Онымен қоймай, тапаншаны 3D-принтер арқылы қалай жасау керектігін де көрсетіп, инструкциясын ұсынды. Компанияның құрушысы Коди Уилсон қаруды өз қолымен жасап, оны видеоға түсірген. Оны ұстап тұрып қалайша атуға болатыны да белгілі болды.
Оңай жасалатын құралдың оқ-дәрісі ретінде 9×17 мм көлемді қарапайым тапанша оғы қолданылды. Кейіннен үлкен көлемді 5,7×28 мм оғы да сынақтан сәтті өте алды. Бірақ бұл жолы компания басшысы қауіпсіздік амалдарын жасап, байланған жіп арқылы атып көрді.
Оған арнайы Liberator деген атау беріліпті. Соған қарағанда, қаруды ешқандай заңмен қудалаусыз қалың халыққа тарата беру мүмкін болып отырған сыңайлы. Пистолет 15 пластикалық бөлшектерден және бір ғана 170 грамм болатын темірден құрастырылған. Темірдің қойылу себебі металлодетектордан өтпеуі үшін жасалған болып шықты. Оны жасау үшін Stratasys Dimension SST компаниясының 3D-принтері қолданылыпты. Принтердың құны – 8 000 АҚШ доллары. Тапаншаның принтерден басылмай шығарылған бөлшегі темір шеге болған. Ол оқ-дәріні үлкен күшпен соғып қалу қызметін атқарады екен.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/Tnt35qChsEs","width":"450","height":"250"});
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: computerra.ru