Техника дамыған заманда күнделікті пайдаланатын заттарымыз да соның айналасында жүреді. Тіпті, оларсыз жұмыс жасаудың өзі мұң. Кейде осы техникалардың көңілден шықпайтын тұстары бар. Мәселен бір жаққа асығып тұрған кезде немесе өте маңызды сәтте құрылғыңыздың күші жетпей өшіп қалады. Яғни батарейкасы көпке шыдамайды.
Бұл құрылғыны күнделікті пайдаланатын жандар үшін тиімсіз. Осы олқылықты ескерген StoreDots компаниясы 2016 жылдың соңына қарай сіздің құрылғыңызды 30 секунд ішінде қуат көзіне толтыруға болатын батарейка ойлап табуды жоспарлап отыр. Негізгі үлігісі жасалып та қойған.
Аталған жобаны жүзеге асыру үшін 48 миллион доллар қаражат кеткен. Ең қызығы, бұл қаржының көп бөлігін бір ғана кәсіпкер компанияға аударған. Бірақ өзінің атын жасыруды қалаған екен. Қоғамдағы адамдардың қажеттілігі үшін жұмасалған қаржының далаға кетпей, құрылғының шығуын күту ғана қалды.