- Негізгі бет
- Шолу
- 2К форматындағы тұңғыш...
2К форматындағы тұңғыш Xplay 3S смартфоны жарыққа шықты
Vivo брендімен ұялы құрылғылар шығарумен айналысатын Қытайдың BBK Electronics атты компаниясы әлемде тұңғыш рет 2К форматында жұмыс жасайтын (2560x1440 нүктелі) Xplay 3S смартфонын таныстырды.
Сенсорлы экранының диагоналі 5,7 дюймды құраса, дюймге пиксель саны (ррi) 490 болады. Салыстырмалы түрде айта кетер болсақ, жақында сатылымға шыққан iPhone 5s смартфоны 1136х640 пиксельді, ал ррi саны 326-ға тең болатын. Осылайша Xplay 3S смартфоны iPhone 5s-тен 1,5 есеге асып түсіп отыр.
Жаңа девайс төрт ядролы Snapdragon 800 процессорымен жұмыс жасайды. Оперативті жады 3 Гбайтты құрайды. Мобильді телефон LTE, сондай-ақ GSM 850/900/1800/1900 МГц пен WCDMA 850/1900/2100 МГц желілерінде де жұмыс атқарады.
Xplay 3S жаңа моделі 13 мегапиксельді негізгі және 5 мегапиксельді фронтальды камераларына ие. Флеш жады 32 Гб дейінгі ақпаратты сақтай алады. Габариттері — 158,2x82,59x8,68 мм құраса, салмағы 172 грамм. Аккумулятор сыйымдылығы 3200 мАсағ.
Смартфон операциондық жүйе ретінде Android 4.3 нұсқасын қолданады. Жаңа өнім нарыққа 740 доллар шамасындағы бағамен сатылымға түспек.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
Сурет: 3dnews.ru
Б. Қосмағамбет