- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- 2020 жылға қарай...
2020 жылға қарай роботтар қарт адамдарға қызмет ететін болады
"2025 жылға қарай медперсоналдың саны қысқарады" деген болжам негізінде Жапония үкіметі медициналық саладағы роботтардың үлесін арттырмақ, деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі британдық The Guardian басылымына сілтеме жасап.
Әзірлеушілер қарт адамдарға төсектен тұруға, мүгедектерге арналған креслоға отыруға, ванна қабылдауға көмектесуге бағытталған құрылғыларға үміт артып отыр. Уақыт өте келе роботтар олардың қашан дәретханаға барғылары келетіндігін де болжай алатын болады.
Озық ғылымдар және технологиялар ұлттық институтының робоинновацияларды зерттеу орталығының басшысы Хирохисо Хирукаваның пікірінше, робототехниканың енгізілуі өз үйлерінде тұратын адамдардың өз бетінше өмір сүрулеріне көмектеседі. Оның айтуынша, қазір роботтар қарт адамдарға арналған үйлердің 8 пайызында ғана қолданылады екен. Бұл олардың қымбат болуына және бастапқы кезде психологиялық тұрғыдан қабыладамаушылыққа байланысты болмақ.
Дереккөз: today.kz
Т. Раушанұлы