2018 жылы смартфондардан не күтеміз?

2007 жылы ең алғашқы iPhone-дар шыққан кезде болашақта қандай өзгерістер болатынын алдын ала білдік. Олар: үлкен экран, қуатты процессор, батарея қуатының көпке дейін жетуі, интернет желісіне жылдам қосылу, қосымшалардың көбеюі еді. Ендігі кезекте алдымыздағы 5 жылда айналымға енетін iPhone-дардың ерекше қызметтерін ұсынамыз.

Трикодер


Bluetooth 4.0 пайда болуы смартфондарға жаңа құрылғылар қосуға септігін тигізді. Мысалы: қан қысымын өлшеуге арналған, жүрек соғысын бақылауға, жүріп өткен ара-қашықтықты өлшеуге, ауа температурасын білуге арналған бағдарламалар.  Бұлардың кейбіреулері Samsung  Galaxy S4 смартфонына орнатылып үлгерген. (5 жыл өткен соң бұлардың да ескі құрылғы болып қалатыны анық).

Алдағы онжылдықта құрылғыларды ұялы телефондарымызға емес, өзімізге орнатып қоюымыз да ғажап емес.

Адамның көзі мен даусы құпия кілттің орнына

 

Күткеніміздей, Apple телефондары құпия сөздің орнына саусақ іздерін пайдалануды  ұсынды. Мұндай қызмет iPhone 5S-те болатыны анық, алайда 2018 жылдың қарсаңында ID ретінде көздерімізді пайдаланып қалуымыз мүмкін. Яғни ұялы телефондарымызға кілт сөз жазып әуре болмай, көзімізбен қарай салсақ болғаны. Осы күндері бұл жобамен EyeVerify компаниясы айналысып жатыр.  

Қытайда шыққан Baidu-Lenovo A586 атты телефонда құпия кілттің орнына адам даусы пайдаланылады.

32-Core процессоры


Смартфондарға қуатты процессорлар орнатылуы мүмкін.

Қырағы фотоаппараттар

 

5 жылдан кейін объектісін өздері бақылауға алып, қоршаған ортаға сай икемделе білетін фотоаппараттар пайда болады. Олардың бастамалары деп Chimera мен MEMS-ті атай аламыз. Бірнеше фотосуреттің арқасында видео ролик құрастырып, видеороликтен қалаған суреттерімізді алуға болатындай дәрежеге жетеміз.

Дауыс арқылы басқару


Сенсорлы экрандар - смартфондардың басты жетістігі. Көп кешікпей Samsung Smart Scroll, Galaxy S4, Apple өнімдерінне дауыс арқылуға басқаруға болатын құрылғы енгізілуі мүмкін. Олардың көмегімен музыканы қосып, қоңырауларға жауап бере аламыз әрі кез келген өзге құрылғыларды да іске қоса аламыз.

Қуатты проссесорлардың арқасында телефонымызбен еркін тілдесіп, айтқандарымызды орындату мүмкіндігіміз бар.

Майысатын экрандар

 

Экрандардың майысатын түрінің шығатындығын көптеген ғалымдар болжаған еді, болжаулары орындалды. Әзірге YOUM OLED пен Willow Glass технологияларының экрандары майыса алады. Болашақта смартфондарымызды  бүктеп, қалтамызға салып алсақ та болады. Ал 2018 жылға қарай смартфондардың сынып қалуы жайында ойламайтын боламыз. 

Трансфлективті ЖК-дисплей

 

Трансфлективті экрандар күн көзіне бейімделе алады. Күн жарқырап, экрандағы суреттер көрінбеген кезде, бейнелері нақтылана түседі.  

Мәңгілік аккумуляторлар

Смартфондардың қуаты бір аптаға дейін жететін болады. Apple компаниясы ROHM, Aquafairy және Киотский ЖОО-мен бірігіп сутекпен зарядтау жобасын жасап жатыр. Мұнымен қатар бір демде зарядталып, қуаты бір көлікті оталдыруға жететіндей микробатареялар ойластырылуда. Осыған орай 2018 жылы аралда жалғыз қалып қойсаңыз да, смартфоныңыз бар болса, еш уайымдамайтын боласыз.

Смартфондар кілтке айналады

2018 жылдың қарсаңында смартфондардың көмегімен қонақ үйлердің есігі мен өз үйлеріміздің есігін ашып, қажет жерде ақша төлейтін боламыз.

Өзіңізді бақылау

5 жылдан соң, ғимараттың ішінде жүріп, өзіңізді жоғарыдан бақылай аласыз. GPS көмегімен орман ортасында да жол тауып, RTLS арқылы ауруханада, әуежайды, сауда орталықтарында, кеңседе іздеген адамыңызды оңай табасыз. Смартфоныңызға орнатылған IPS-тің көмегімен көп нәрсеге қол жеткізуге болады. Әзірге бұл жобамен In-Location Alliance айналысып жатыр.

Бағдарламалық радио жүйе


Сапалы қоңыраулардың саны артатын болады. Шет елдерге қоңырау шалғанда пайда болатын кедергілер толықтай жойылып, адамдардың дауыстары бір-біріне анық естілетіндей жағдай жасалады.

Суөткізгіштік


Liquipel, Hz0 (WaterBlock) және P2i (Aridion) сынды компаниялар суөткізгіш қасиеті бар смартфондар жасап жатыр. Бұл көп уақытты талап ететтін мәселе.

LTE Advanced/5G


Жақында ғана Samsung бір Гбитті қамтитын 5Gмен таныстырды. Бұл смартфонның жақсы жабдықталуына қарамастан, жасап шығарушылар қажетті суреттер мен әуендерді бір телефоннан екіншісіне тасымалдау үшін жылдамдықты арттырудың қиындығын мойындап отыр. Әзірге жылдамдықты әдеттегіден 3 есе артық арттыруға көмектесетін бағдарламалар 2018 жылы жасалып шығады.

Wi-Fi


2018 жылы тікұшаққа отырып, жердің екінші бөлігіне барсаңыз да, үйіңіздегі интернет желісіне қосылып тұра беру мүмкіндігіңіз бар. Wi-Fi Alliance пен Wireless Broadband Alliance бірнеше операторлармен бірігіп Wi-Fi-ға еркін қосылу мүмкіндіктерін қарастырып жатыр. 2018 жылға қарай таныстырылатын жоба Passpoint деп аталады.

Ерекше дизайн

2018 жылға қарай смартфондар өздеріне ұқсамай қалуы әбден мүмкін. Олардың майыса білу қабілетін ескеріп, қол сағат ретінде жасалып жатыр. Sony SmartWatch немесе Pebble сағаттарындай болатыны анық.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: lemon.ru