2018 жылғы Әлем чемпионаты: жүргізушісіз автобустар

2018 жылғы Әлем чемпионаты: жүргізушісіз автобустар
Фото: hi-news.ru

Төрт жылда бір рет өтетін футболдан Әлем чемпионаты 2018 жылы Ресей жерінде өтеді. Әлемнің ең үздік командалары бас қосып, бәсекеге түсетін додада келетін қонақтарды тосын сый күтіп тұр. 

Өткен жексенбіде Жапонияның Киото қаласында өткен Халықаралық ғылым және техника мәселелері форумында Ресей Федерациясының вице-премьері Аркадий Дворкович, 2018 жылы өз елінде өтетін Әлем чемпионатында қонақтарды жүргізушісіз автобустар күтіп алатынын айтты. 

Әрине, бұл барлық көшеде жүргізушісіз автобустар қатынайды деген сөз емес. Белгіленген аймақтағы көшелерде ғана жүзеге асады. Дегенмен бұл технологиядағы даму мен ғылымды игеріп жатқан адамзат үшін және біз үшін жақсы жаңалық дейді. 

«Ресей елі жүргізушісіз көліктер платформасын қос қолдап қолдай келіп, Әлем чемпионаты кезінде осы тәжірибені жүзеге асыратынын қуанышпен айтқысы келеді»,– дейді Аркадий Дворкович. 


Жүргізушісі жоқ автобустар сағатына 60 км жылдамдықпен қозғалады. Олар арнайы белгіленген көшелер бойымен қонақтарды алып жүреді.

М. Ақан