JATO Dynamics халықаралық сараптама компаниясы 2017 жылғы Еуропадағы ең танымал автокөліктерді анықтады. Рейтингтің көшін Volkswagen Golf көлігі бастады. Компания деректері бойынша Еуропада 11 ай ішінде 445 мың Volkswagen Golf сатылған. Ең көбі Германия, Австрия, Бельгия, Норвегия және Люксембургте сатылған екен. Екінші орында Францияда, Нидерландыда және Португалияда көп қолданыста болған кеңінен танымал Renault Clio көлігі.Бұл нұсқадағы сатылған көліктердің жалпы саны 300 мың. Үшінші орынға Volkswagen Polo ие болды. Оның сатылымы 255 мыңға жетті.Келесі тізімде Ford Fiesta (237 мың дана), Nissan Qashqai (230 мың), Peugeot 208 (225,198), Opel / Vauxhall Corsa (221,397), Volkswagen Tiguan (218,238), Skoda Octavia (213,329) және Opel / Vauxhall Astra (204 742). Естеріңізге сала кетейік,Жапонияда Жыл автомобилі аясында ең үздік автокөлік таңдалды. Алғаш рет 3 жыл ішінде көшбасшы жапондар емес, жаңа буынның швед кроссовері Volvo XC60 болды.Кроссовер дауыс беру нәтижесі бойынша 294 ұпай алды.