Ағымдағы жылда шығатын жаңа технологиялық жетістіктер шегіне жетер емес. Айта кетсек, жыл соңына дейін суперкомпьютердің жаңа құрылымға ие моделі шығатын болады. Нейроморфты технологияның көмегімен құрастырылатын компьютер адам миының жасанды аналогы болмақ.
Нейроморфты технология
Қазіргі заманның ең қуатты компьютерлері де адамның санасымен бәсекелесе алмайды. Адам миының байланыс құралы болып табылатын нейрондардың барлық бағыты мен қызметінің көлемі заманауи компьютерлерден миллиард есе жылдам жұмыс істейді. Сондай-ақ, компьютерлер ақпараттың бір бағытқа барып-қайтуын үздіксіз бақылай алатын болса, адамның миында бір мезетте миллиондаған ақпарат алмасу үдерісі жүреді.
Ғалымдар ми құрылымын қолдана отырып, компьютердің ақпарат алмасу мүмкіндігін бірнеше есеге көбейтетін нейроморфты чип жасауды жоспарлап жатыр.
Адам миының есептеу техникасы бірнеше жылдан бері зерттеліп келеді. Ғалымдардың ендігі мақсаты компьютердің аз энергия жұмсап, көп ақпарат өңдеу мүмкіндігін жасау болып отыр. Бұл орайда нейроморфты чиптер ақпаратты автоматты түрде өңдей отырып, модульдер арасындағы байланысты жылдамдатуға көмектеспек. Бір сөзбен айтқанда, адам миының нейрондық жүйесі нейроморфты чиптерді құрастыруға негіз болады.
Нейроморфты технология ақпараттарды жылдам өңдейтін есептеу техникасын құрастырудағы келесі кезең болмақ. Естеріңізге сала кетсек, 2014 жылдың тамыз айында IBM компаниясы TrueNorth деген атауға ие миллиондаған нейронды чиптің прототипін таныстырған болатын. Расында жаңа технологияның көмегімен дайындалған суперкомпьютер өзінің стандартты аналогына қарағанда 100 есе жылдам жұмыс істейді. Нейроморфты чиптер техникалық құрылғылардың қуатын арттырып, олардың наномасштабқа көшуін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, жасанды сананың дамуына негіз болады.
Сурет: www.huffingtonpost.com
Ұқсас жазбалар:
2015 жылдың ашылуға тиіс 10 жаңалығы #1
2015 жылдың ашылуға тиіс 10 жаңалығы #2
2015 жылдың ашылуға тиіс 10 жаңалығы #3
2015 жылдың ашылуға тиіс 10 жаңалығы #4
2015 жылдың ашылуға тиіс 10 жаңалығы #5
2015 жылдың ашылуға тиіс 10 жаңалығы #6
2015 жылдың ашылуға тиіс 10 жаңалығы #7
2015 жылдың ашылуға тиіс 10 жаңалығы #8