Ғалымдар көпжылдық еңбектерінің нәтижесін осы жылы жариялауды жоспарлап отыр. Әлемдік экономикалық форумның (WEF) аясында жаңа жобалардың авторлары қоршаған ортаға зиянсыз технологияларды дамытуды көздегендерін айтады.
Сезімтал дрондар
Бастапқыда ұшатын роботтар (ұшқышсыз ұшатын аппаратар немесе дрондар) электр тасымалдау сымдарын тексеру және алғашқы көмек қорабын жеткізу мақсатында қолданылған болса, енді оған әскери мамандар қызығушылық танытуда. Себебі дронды алыстан бақылау әртүрлі миссияны орындауда ұтымды болмақ.
Квадракоптерлердің ендігі дамуы оның толығымен автономды функционалға ие болуына бағытталмақ. Атап айтқанда, жергілікті аймаққа бейімделу, биіктікті бақылау, ұшу траекториясын өзгерту, жолда шыққан өзге де нысандарға соқтығыспау сынды әрекеттерді өздігінен жасайтын болады. Сонымен қатар, ұшатын роботтар құс, балық немесе жәндіктер сияқты топ болып жұмыс істеуді үйренеді.
Ақылды дрондардың ең алғашқы прототибін 2014 жылдың қаңтар айында Intel мен Ascending Technologies компаниялары құрастырған болатын. Америкалықтар жасаған мультикоптер-дрон алдынан шыққан кедергілерден ешкімнің көмегісіз өте алады. Одан бөлек, аталған прототип адам баласына қауіп төндірмейтін бағдарламамен қамтылған еді. Бұл аппараттар Intel дайындаған салмағы 7 грамм шығатын RealSense камера модулін қолданады.
Егер дрондар әмбебап үлгімен қауіпсіз деңгейде қозғала алатын болса, жуырда адамдарға тым жақын мекендерде ұшатын болады.
Сурет: mr-ia.livejournal.com
2015 жылдың ашылуға тиіс 10 жаңалығы #1
2015 жылдың ашылуға тиіс 10 жаңалығы #2
2015 жылдың ашылуға тиіс 10 жаңалығы #3
2015 жылдың ашылуға тиіс 10 жаңалығы #4
2015 жылдың ашылуға тиіс 10 жаңалығы #5
2015 жылдың ашылуға тиіс 10 жаңалығы #6
2015 жылдың ашылуға тиіс 10 жаңалығы #7