Жылдам дамып келе жатқан әлемнің маңызды бағдары жаңа технологияның дамуына тікелей тәуелді екені белгілі. Адам өмірін жеңілдететін роботтар мен қоршаған ортаны ластамайтын көліктер ағымдағы жылдың басты жаңалықтары болмақ. Одан бөлек, термореактивті полимерлердің қайта өңдеу мүмкіндігі болып отыр. Осы сынды бірқатар маңызды жаңалықты ұсынуды жалғастырамыз.
Термореактивті пласмассаларды қайта өңдеу
Қайта өңдеуге келмейтін термореактивті пластмассалар енді қоқыс алаңдарын қаптамайтын болады. Айта кетсек, жалпы пластмассалық өнімдер терпластты және термореактивті болып бөлінеді. Олардың біріншісі қыздыру арқылы әртүрлі кейіпке келтіріліп, кез келген затты дайындауда пайдаланылып келеді. Ал термореактивті пластмасса тек бір рет қана пішіннге ие болып, бір рет қана пайдалануға беріледі. Тіпті оны қайта еріткеннің өзінде де пайдасыз шикізатқа айналатыны белгілі.
Термотеактивті пластмасса өзінің беріктігі арқасында қазіргі заманның маңызды шикізатына айналып үлгерген. Олар мобильді телефондардан бастап, микросхема, тіпті аэероғарыштық өндірісте де пайдаланылып келеді. Сол себепті мұның қайта өңдеу мүмкіндігін табу маңыздылық танытып отыр. Бұл бір жағынан қоқыстың термореактивті полимермен толып кетуінің алдын алады.
Айта кетсек, 2014 жылы Science журналында қайта өңдеуді жүзеге асырудың амалы бар екені туралы ғылыми мақала жарияланған болатын. Мақалада қайта өңдеуге келетін термореактивті полимердің жаңа класы табылғаны айтылады. Полигексагидротриазин немесе ПГТ деп аталған жаңа өнімнің полимерлік тізбегін қышқылдың көмегімен момномерге айналдыруға болады екен. Ал сосын мономерді құрылымға ие пластмассаның көмегімен екінші рет басқа өнім дайындалады.
Әзірге қайта өңдеудің бұл әдісі 100%-ға нәтиже бермейді. Дегенмен пластмасса қалдығын жою негізгі проблемаға айналатыны белгілі болса, әлемдік экономиканың оның алдын алуға шындап кірісетіні анық. Ғалымдардың ойынша, осы жылдан бастап кеңінен қолданыла бастайтын термореактивті пластмассаның жаңа класы алдағы бес жылдың көлемінде жалпы қолданысқа ие болып, 2025 жылға қарай тек қайта өңделетін полимер өнім негізі болмақ.
Сурет: earth-chronicles.ru
Оқи отырыңыз:
2015 жылдың ашылуға тиіс 10 жаңалығы #1
Apple Watch екі есе қымбат болып шықты
2015 жылдың ашылуға тиіс 10 жаңалығы #2
Әлемдегі ең алғашқы антисмартфон қандай болмақ?