- Негізгі бет
- Шолу
- 2014 жылы Қазақстан...
2014 жылы Қазақстан ғарышқа спутник ұшырады
2014 жылдың желтоқсанында Қазақстан жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) жерсерігін ұшырады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Жерсеріктерді Франция және Ұлыбритания мамандары жасайды. Осылайша, Франциядан келген стратегиялық серіктестермен бірге, EADS «Astrium» компаниясымен жоғары кеңістіктік рұқсаттағы жерсерігі Тулуза қаласындағы зауытта, ал орташа кеңістіктік рұқсаттағы - Англияда Сюррей графтығындағы Гилфорд қаласында SSTL компаниясымен жасалады. Сонымен қатар, қашықтықтан зондтау жүйесіне арнап, жерде инфрақұрылым жасалуда", - делінген таратылған ақпаратта.
Осы орайда Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев: "Қазір біз Астанада «Астана-Жаңа қала» АЭЗ аумағында қашықтықтық зондтау жүйесін құрып жатырмыз. Біз «Ұлттық ғарыш орталығы» атты тұтас бір қалашық салудамыз, онда жерсеріктің өзін басқарудың жердегі кешені және жерсеріктерінен алынған мәліметтерді қабылдап, өңдеу бойынша орталығы бар ЖҚЗ арналған барлық инфрақұрылым орналасады. Суреттердің өзі онша бағалы емес, олардан алынған мәліметтер төтенше жағдайлар және оларды жою, экология, нақты егіс алқаптарын анықтау бойынша ауыл шаруашылығындағы жағдай, астық перспективалары мен топырақтың жағдайы, жер ресурстары мен құрылыс салу деңгейлері туралы ақпарат береді, сонымен қатар ықтималдықтың жоғары деңгейімен пайдалы қазбаларды, оның ішінде көміртектік қазбаларды табуға мүмкіндік береді. Әрине, ЖҚЗ жүйесі елдің қорғанысы мен қауіпсіздігі үшін жұмыс жасайды", - деді.
Осылайша, жерді қашықтықтан зондтау жүйесі «ауыл шаруашылығы, геология, геодезия, экология сияқты басқа да салалардың дамуына септігін тигізетін болады.
Айта кетелік, бұл жүйе дүние жүзінде шамамен 30 елде қолданылады.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: astronomy.tomsk.ru
Massaget