Екінші толқынды "Lada Kalina" көлігі алдағы жазда сатылымға шықпақ. Бұл туралы Autonews.ru хабарлайды.
Жоба директоры Олег Груненковтың айтуы бойынша, 2013 жылы шығатын көліктің дәл қазіргі таңда сынаққа алынатын нұсқасы жасап шығарылуда. "АвтоВАЗ" таратып отырған ақпаратқа сенсек, 2013 жылдың жарты жылдығы көлікті жасап шығару мен құрастырудың тұрақты модернизациясымен кететін болса, кейінгі жарты жылдық сатылыммен өтеді екен. Бағасы мен құрамдау (комплектация) бөлігі туралы кейіндеу белгілі болмақ.
Көлік қозғалтқыштың екі түрімен шығады: сегіз клапынды және он алты клапынды. Трансмиссиялық мақсатта да екі түрде шығарылады: механикалық және автомат қорапты (коробка).
Сонымен қатар көлікті безендіруге "Renault" серіктестігінің мамандары өз үлестерін қосыпты.
Айта кететін болсақ, көліктің ашылымы тамыз айында Мәскеу халықаралық салонында өткізілген еді.
сурет:autocentre.ua
Дайындаған: Фараби Арыстанбек