- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- 2011 жылдың 10...
2011 жылдың 10 үздік автокөлігі
Honda Odyssey
Honda компаниясының минивэндері үлкен жанұяларға арналған. Жаңа Odyssey-дің салоны толықтай өзгеріп, көлемі біршама кеңейген. Көлікте пайда болған опционды DVD ойнатқышы арқылы арт жақтағы жолаушылар 16 дюймді дисплейдің бетінен түрлі бейнелерді тамашалай алады. Жолаушылардың талғамдары әртүрлі болғандықтан, арнайы функцияның көмегімен дисплей екіге бөлінеді. Көлікте орналасқан навигатор бетінен көлік кептелісі жайлы мағлұмат алып, жүретін бағытыңызды алдын ала болжай аласыз. Көліктің сыртқы келбеті тегістеліп, аэродинамикалық көрсеткіштері жақсы деңгейге көтерілген. 6 цилиндрлі қозғалтқыш та жылдамдықтың керемет динамикасын көрсетеді. Жолаушылардың ыңғайлығы үшін есіктер жылжымалы механизм негізінде орындалған. Ең қолжетімді көліктің бағасы 29000 АҚШ доллар.
Buick Regal
«General Motors» компаниясы Buick брендін қайта құрастыру мақсатында бірнеше көлік өндірісін бастап кеткен. Солардың ішінде Buick Regal-дың орны ерекше. Buick Regal жайлы әрі кең артқы отырғышпен, еуропалық стильдегі подвескамен, жоғары технологиялы американдық қозғалтқышпен жабдықталған. Айтпақшы, көлік 182 а.күшке ие. Бұған қоса, 6 баспалдақты беріліс қорабының үйлесімді жұмыс істеуіне байланысты қаладағы жанармай шығыны 100 шақырымға 10,23 литр, ал тас жолда 7,84 литрді құрайды. Regal-дың жайлы салоны жолаушылардың шаршап қалмауын қамтамасыз етеді. Бағасы 26000 доллардан басталады.
Kia Sportage
Kia компаниясы Sportage үлгісінің жаңа түрін халық назарына ұсынған. Көліктің жастарға бағытталғанын оның футуристикалық дизайнынан-ақ байқауға болады. Өз мақсатына жету үшін компания Sportage үлгісін толықтай өзгерткен. Жаңа 2011 Sportage рөлдің электр күшейткішімен жабдықталғандықтан, көлік оңай басқарылады. Соның арқасында жанармай шығынын төмендетіп, экологиялық жағдайдың өршіп кетпеуіне өз үлесін қосады. Көлік пішіні кішігірім болғанынымен, жүк орны кеңейген. Көлік артқы жүріс бейне камерасымен, навигация жүйесімен және де климат-контрольмен жабдықталған. Бағасы 19000 доллардан басталады.
Ford Explorer
Ford спорттық үлгідегі көліктер нарығында өз орнын әзірге ешкімге бере қойған жоқ. Нарықтағы беделін арттыру үшін Ford жаңа Explorer-ды құрастырған болатын. Рамасыз конструкцияның қолданылуы жанармай тұтыну көрсеткіштерінің төмендеуіне әкелді. Жаңа көлік электр күшейткішпен жабдықталып, үлгінің басқарылуы жеңілдеген. Жеті орынды салон ішінде біраз өзгешеліктер бар. Салон іші бұрынғы үлгіден әлдеқайда қымбаттау көрінеді. Көліктің бағасы 28000 доллардан төмен емес.
Mazda 2
Mazda компаниясы мына үлгімен кішігірім көліктердің де қажеттілікті өтей алатынын дәлелдейді. Маzda 2 өзінің қуаттылығымен мақтана алады. Көлемі 1,6 л қозғалтқыш 100 а.к. беріп, берік подвескасымен, басқарудың мінсіздігімен ерекшеленеді. Көліктің сыртқы келбеті кішігірім болып көрінеді, алайда салонның іші әлдеқайда өте кең. Көліктің аудио жүйесі мен ыңғайлы артқы есігі бар. Дөңгелектердің қысқа базасының арқасында көлікті тұраққа қою қиындық туғызбайды. Жүргізуші мен жолаушылардың да қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өндірушілер көлікті 6 қорғаныс жастығымен арнайы тежегішпен және динамикалық тұрақтандыру жүйесімен жабдықтаған. Көліктің ең арзан үлгісі 14000 доллар.
Jeep Grand Cherokee
Алғашқы джиптердің шығарылғанына 70 жылдай уақыт болғанын ескерсек, оларды Америка мәдениетінің бөлігі деп толықтай айтуға негіз бар. Chrysler Group 2011 жылы жаңа Grand Cherokee-нің дизайнын анық етіп жасады.Жанармай шығыны да төмендеген. Жаңа үлгінің подвескасы толықтай қайта қарастырылғандықтан, көліктің жайлылығына зор мән берілген. Бірақ, толық приводты көліктің өзіне тән айбаттылығы да жоқ емес. Jeep Grand Cherokee-мен қисық жолды да жеңіл жүріп өтуге болады. Көлік бағасы 30000 АҚШ доллар.
Hyundai Equus
Equus – 8 цилиндрлі, 385 күшті, артқы приводты седан шанағындағы Корей елінің өнімі. Бұл үлгінің арқасында Hyundai компаниясы Америка, Жапония мен Германия елдерінің өндірушілерімен бір сатыға шықты. Тас жолда көлік 100 шақырымға 9,8 л жанармай тұтынады. Бұған қоса, көлікте 17 дискілі аудио жүйе, электр құрылғыларды басқару жүйесі, тұрақтандыру жүйесі, навигационды жүйе, артқы жүріс жүйесі мен тоғыз қорғаныс жастығы бар. Equus-тің артқы орындықтарын лимузинге ұқсатсақ қателеспейміз. Көліктің бастапқы бағасы 57000 доллар.
Volkswagen Jetta
Volkswagen орташа өлшемді көліктер тобын өз меншігіне қайтару мақсатымен 2011 жылы Jetta үлгісінің жаңа түрін жарыққа шығарған. Жаңа Jetta қысқа өлшемді дөңгелек базасында негізделгенімен, көлік салоны кең, үлгінің сыртқы келбетінен еуропалық «тамырлардың» бар екенін байқауға болады. Көлемі 2,5 л қозғалтқыш 170 а.к ие. Жанармайдың тұтыну көрсеткіштері де жаман емес: қалада 10,7 тас жолда 7,84 л жанармайды қажет етеді. Көлік электронды құрылғылармен жабдықталып, жүргізушінің көлік басқару процесін жеңілдетеді. Компьютердің көмегімен көліктің отын тұтыну көрсеткіші, тежегіштің тозу жылдамдығы сияқты керек мағлұматтарды біле аласыз. Көліктің бағасы 17000 доллардан басталады.
Toyota Scion tC
Toyota компаниясы Scion tC үлгісіне ұқсас көліктерді бұрын да шығаратын. tC- бұл өзіндік стилі бар, шағын шанақты көлік. Тежегіштің дәл әрі тез жұмыс атқаруының арқасында жүргізушіге көлікті айдау қиынға соқпайды. Жанармай тұтыну көрсеткіштері орташа: қалада 100 шақырымға 10,23, ал тас жолда 7,59 л. Автоматты беріліс қорабы қолдан басқару тәртібіне негізделген. Жастарға бағытталған дизайн да көз тартарлық. Бағасы 20000 АҚШ доллардан кем емес.
Nissan Rogue
Nissan компаниясы шығаратын көліктер саны күн санап өсуде. Жаңа Rogue көлемді жүк салғыш пен әмбебап дизайнның үйлесімді жұбын айқындап тұр. Rogue көлемі 2,5 л, төрт цилиндрлі қозғалтқышпен жабдықталған. Жанармай тұтыну көрсеткішінде келсек, айтарлықтай ерекшелік байқап тұрған жоқпыз. Көлік қалада 100 шақырымға 10,7 л ал, тас жолда 8,4 л жанармай тұтынады. Rogue-дың электронды ойыншықтары да аз емес. Солардың ішінде ксенон шамдары мен айналарды жылыту жүйесі бар. Артқы жиналмалы отырғышты алып тастап, жүк салғыштың көлемін айтарлықтай үлкейтуге болады. Көліктің бастапқы бағасы 21000 доллар шамасында.
Суреттер namonitore.ru, cetki.com сайттарынан алынған