- Негізгі бет
- Шолу
- 120 петабайттық жады...
120 петабайттық жады құрылғысы
Компьютерлік индустрия бір орында тұрмай, күннен-күнге дамып келеді. Егер жақында ғана бір гигабайт жады көлемі бізге көп болып көрінсе, бүгін оған түк жаза алмайсың. Адам баласының ақпаратты сақтау үшін жады сыйымдылығына деген қажеттілігі күн санап өсуде. Бірақ, жадының қандай үлкен көлемі болмасын, ақпаратты оқу мен жазу алгоритмдерінің тезәрекеттілігі төмен болса, жады құрылғыларының бағасы бес тиын. Солай емес пе? Керекті ақпаратты табу үшін жады құрылғысы уақытты керек етеді. Ал қазіргі кезде уақыт-таптырмайтын байлық.
Сондықтан да, IBM компаниясы әлемдегі ең үлкен ақпараттық массивті құрмақшы болып отыр. Бұл массивте ақпаратты жазу/оқу жылдамдығы жоғары, заманауи технологиялар қолданылатын болады. Осы жүйенің жалпы көлемі 120 петабайтты (жүз жиырма миллион гигабайт) құрамақ. Ал GPFS файлдық жүйенің көмегімен миллиондаған ақпаратты бар-жоғы 43 минутта индекстеуге болады.
Әзірге атауы жоқ ақпараттық массив Калифорниядағы IBM компаниясының зерттеулер орталығына орналасатын болады. Әзірге тапсырушының аты-жөні белгісіз. Әдетте, үлкен көлемді жады құрылғыларын талап ететін ақпараттық массивтер ғылыми не болмаса, әскери тәжірибелер жасауда қолданылады. Ауа-райын болжауға да пайдаланылады.
Бұл құрылғы 120 мың терабайттық дисктерден құралып, ұқыпты жиналған арнайы жәшіктерде орналасады. Температура көтеріліп, құрылғы істен шығып кетпеуі үшін арнайы салқындатқыш вентиляторлар мен су негізінде құрастырылған жүйелер қолданылмақ. Бір қызығы, қазіргі көлемі бойынша, ең ірі жүйенің ақпараттық сыйымдылығы бар-жоғы - 15 петабайт.
Сурет: ermoshka.ru