- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- 11 жасар қыз...
11 жасар қыз ойлап тапқан жаңалық
Көлік жүргізіп келе жатқанда телефонда сөйлесу немесе хабарлама көру, жолдау сияқтылардың бәрі де адам өміріне қауіп төндіреді. Шырғалаң қас-қағым сәтте. Халықаралық санақ бойынша көлік апатының 40 пайызға жуығына себепкер болатын да осы. Америкалық Виктория Уолкер есімді 11 жасар оқушы қыз «Rode Dog» деп аталатын программа жасап шыққан. Бұл программа қол телефонға орнатылғаннан кейін тұтынушы көлік жүргізіп келе жатқанда келген хабарлама не телефонды қабылдаса, немесе телефон шалып, хабарлама жазбақ болса, телефоннан күшіктің үрген дауысы шығып, бұл қатерлі қимылды тоқтатады екен.
Бұл түрдегі бағдарлама жайлы хабар AT&T хакерлер жиналысында жарияланды. Олар бұл жасөспірімнің тапқырлығы үшін арнаулы зерттеу кеңсесін әзірлеп, программаны iOS, Android немесе Windows Phone жүйелеріне енгізу зерттелетіндігін айтты. Және алдағы уақытта балалар мен жасөспірімдердің осындай зерттеулері үшін арнаулы 20 мың америка долларындый сыйлық жариялайтындығын хабарлады.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: moygarag.ru
Қ. Қауымбек