100 жылдан кейін 3D принтері қалыпты іске айналып, адамдарға Интернет арқылы өзіне ұнаған кешкі асты жүктеу еш қиындық тудырмайтын болады. Бұл туралы Вестминстер университетінің ғалымдары мәлімдеді.
Ғалымдар технологияның дамуына байланысты олардың тәжірибеде қолданылуына болжам жасауға тырысты. 2116 жылы адамдар Марсқа, Айға еркін ұшып барып, алдын ала болжам жасай алатын болады. Тағамды жүктеп қана қоймай, адамзат көк тіреген үйлерде ғана емес, жер астында 25 қабатты үйлер салатын болады. Су асты қоныстану дамып, ұшатын ұшақтар мен көліктер жүргізушісіз діттеген жеріне жететін болады.
Бұдан бұрын ресейлік ғалымдар келешекте адамды биопринтерде 2 сағат 47 минутта басып шығаратынын мәлімдеген.
Дереккөз: inform