АҚШ Геология қызметі мен Гавайи университеті ғалымдарының айтуына қарағанда Үнді және Тынық мұхитындағы кейбір аралдар 2030 жылға келіп су астында қалады. Маршалл аралдары Республикасында су деңгейінің ұдайы жылма-жыл көтерілуі зерттеушілерді алаңдатуда. Судың жерді басып келуі, арал-мемлекеттердің су астында қалуы алдағы он жылдықтағы жалғыз мәселе емес. Аралдары су басудан басқа, адамдар глобал ауа райының жылдан-жылға ысуы себепті ішуге жарамды су жетіспеушілігінен де зардап шегеді. Тұщы су қоры азайып бара жатыр, бұл 2030 жылдардың басында үлкен мәселеге айналады. Ғалымдардың мәліметінше, ірі аралдар Спратли және Гавайи аралдарын да болашақта су басу қаупі күтіп тұр.