- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Зімбір майын қалай...
Зімбір майын қалай дайындауға болады?
Кейде ұзақ немесе қатты ұйқыдан тұрған кезде денеңізді біреу "ұрып тастағандай" ауырып тұрады. Мынадай да жағдай болады: таңертеңгі жүгіруден соң тізеңіз қақсап ауырады, ал кептелісте бір сағаттай тұрып қалсаңыз, беліңіз бен арқаңыз ауырады. Мұндай жағдайларда зімбір майы көмектесе алады. Ендеше, бұл пайдалы өнімді үйде қалай дайындауға болады?
Зімбір майын дайындау үшін 1 стақан зімбір тамыры мен 1,5 стақан зәйтүн майы қажет. Зімбір тамырын суық суға жуып, кепкенін күтіңіз. Зімбірді үккіштен өткізіңіз. Үккіштен өткізілген зімбір мен зәйтүн майын пешке салуға болатын ыдысқа салып, 70 градусқа дейін қызып тұрған пеште 2 сағат ұстаңыз. Содан соң дайын майды дәке арқылы таза бөтелкеге сүзіп құйыңыз. Егер оны суық жерде сақтасаңыз, ол 6 айға дейін бұзылмайды.
Ауырып тұрған буындарыңызға осы майды уқалай жақсаңыз, ол қанағымға түсіп, шамамен 30 минуттан кейін ауырғандығы жеңілдей түсу керек.
Оны сондай-ақ ашуланғанда немесе уайымдағанда тыныштану үшін қолдануға болады. Ол үшін зімбір майы тұрған бөтелкенің қақпағын ашып, онымен кішкене тыныс алсаңыз болғаны. Мұндай кезде зімбір майын білегіңізге жағуға да болады.
Зімбір майын тамақ дайындағанда аздап қосуға болады. Ол тамаққа өзіндік дәм береді.
А. Жапатова