Сүйікті зергерлік әшекей-бұйымдарыңыз қарайып кетсе, қамықпаңыз. Оларды тазартуға кірісіңіз. Ол үшін сізге:
1 ас қасық тұз
1 ас қасық сода
1 ас қасық ыдыс жуатын сұйықтық
1 стақан су
1 тілім алюминий қақтамасы
Қысқа толқынды пеште суды 1-2 минут жылытып алыңыз. Стақанның түбіне қақтаманы орналастырыңыз. Ыстық суды стақанға құйып, тұз, сода, ыдыс жуатын сұйықтықты қосыңыз.
Зергерлік бұйымдарыңызды қақтамаға салып, 5-10 минутқа қалдырыңыз. Содан соң оларды салқындау суда жуып, жұмсақ, құрғақ матамен сүртіңіз.
Сурет: uh.ru