Заман талабына сай жасалған сәбилер төсегі

Заман ағымына сай бесіктердің де заманауи түрлері пайда болуда. Олар ерекше дизайнмен жасалып, футирістік гамак, ақша бұлттар секілді суреттермен әшекейленген. Балалардың ұйқысы тыныш болу үшін барлық жағдай жасалған. Назарларыңызға осы секілді 10 бесікті ұсынамыз:

Hushamuk Hammock - балаларға арналған төсек пен аспалы тордың ортасында жасалған туынды. Футуристік бесіктің ішінде баланың қыс мезгілінде тоңып қалмауын қамтамасыз ететін қой терсінен жасалған қалың көрпе бар. Мұнымен қатар, жазда да қалыпты температураны сақтап қалуға мүмкіндік береді. Hushamuk Hammock сәбилер төсегінің сары, жасыл, күлгін, көк, сарғылт түсті түрлері бар.

Culla Belly Co-Sleeper  - сәбиді ата-аналарының ортасына жатқызуға мүмкіндік беретін төсек. Мұнымен қатар ата-анасы сәбиіне байқаусызда зақым тигізіп аламын деп қорықпаса болады. Сәби жөргектерін оңай ауыстыруға, түн ортасында емізуге оңай болатындай жағдайлар жасалған. Бір сөзбен айтқанда Culla Belly Co-Sleeper – ата-анасымен қатар жатқанды ұнататын сәбилер үшін арналған төсек.


Carriage Crib төсегі кішкентай ханшайымдарға арналған. Тіпті, болмағанда қалталы азаматтардың балалары үшін. Бұл төсекті Carriage Crib ресми сайтынан 3500 АҚШ долларына сатып алуға болады.  

Дизайнер Лана Аджийеннің айтуынша, дәстүрлі түрде ағашпен қоршалған балалар төсегі оларға жайсыздық сыйлап, ұйқысын бұзады. Лана баламалы таңдау ретінде Baby Bubble Bed атты сабын көпіріндісіне ұқсас төсек ойлап тапты. Оның мөлдір әйнегінен ата-аналары балаларын кез келген тұстан толықтай бақылай алады. Мұнымен қатар жылаған кезінде тербететін конструкциямен жабдықталған. Baby Bubble Bed Лана Аджийен ұсынған сабын көпіршігі деп аталатын балалар төсегі.

Жапондықтардың ойлап тапқан Suima Robotic Crib төсегі сәбилерге ата-аналары жанында тұрғандай әсер сыйлайды. Онда шығатын дауыс арқылы ана жүрегінің дүрсілін сезіп отырады. Suima Robotic Crib төсегімен бірге қорғанысты қамтамасыз етеін тор, алыстан басқаруға арналған пульт беріледі. Бұл төсектің құны – 4500-5500 АҚШ доллары. Мұндай ақша болмаған жағдайда айына 100 АҚШ долларын төлеп жалға алуға болады.

Puur Design Studio  ұсынған Baby C Cradle төсегі ана құрсағына ұқсас етіп жасалған. Бұл төсектің көмегімен жаңа туған сәбилерді қоршаған ортасына жылдам бейімдеуге болады.  

GRO Furniture Modular трансформер төсегі сәбилермен бірге өседі. Яғни көлемі өзгертуге келетін әрі ата-аналардың ақшасын артық шығындамайтын төсек. GRO Furniture Modular төсегі кейін де жарамсыз болып қалмастан, диван, сабақ оқитын үстел қызметін атқарады.


Noah Crib – өзгеше стильде жасалған төсек. Оны жасап шығарушы голландиялық дизайнер Йоост ван Велдхойзен.


Kumo Baby Crib – жапондық Sora Design ойлап тапқан бұлттарға ұқсас төсек. Бұл төсекке балаларды екі жағдайда жатқызуға болады. Бірі – аспалы тор секілді іліп қою, екіншісі – жайлы жерге орналастыру.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: myhome.ru