Кез келген әйел заты үйін таза ұстауы керек. Жуынатын бөлмені тазалау көп уақыт алады. Оларды тазартудың жолдарын назарларыңызға ұсынамыз.
Ваннаны әр пайдаланған сайын жуып тұрыңыз. Эмальданған және акрил ваннаға арнайы тазартқыш алған жөн. Тазартатын құралдардың құрамында химия аз болғаны жөн.
Металды губка пайдаланбаңыз. Тұзды қышқылы бар құралдардан да бас тартқаныңыз абзал. Себебі олар эмальды бұзады. Құрамында спирт, аммиак, хлор бар тазартқыштарды акрилды ванна үшін зиян.
Татты кетіру
Көбінде эмальданған ваннаны тат басып кетеді. Оны кәдімгі ас содасымен кетіруге болады. Ол үшін соданы қабырғаларына жағып, 10 минут күту керек. Содан соң тат басқан жерлерді бура мен сіркесудың қоспасымен сүртіңіз. Немесе тұз бен скипидарды араластырып, дақтарды кетіруге болады.
Су тасы
Ванна қабырғаларын жылы суда ерітілген мүсәтір спиртімен сүртіңіз. 10 минутқа қалдырып, жуып тастаңыз. Сондай-ақ су тасын лимон шырынының қышқылымен тазартуға болады. Оны 15 минутқа қалдырған жөн.
Акрилды ваннаны тазарту үшін лимон қышқылы немесе сіркесу ерітіндісі керек. 1,5 л ерітіндіні жылы сумен толып тұрған ваннаға қосып, араластырып, түнге қалдырыңыз. Таңертең суды ағызып, шүберекпен сүртіп алыңыз.
Қарайып кеткен жерлер
Ваннаны ағарту үшін қабырғаларына сіркесумен дымқылданған майлықты жабыстырып, бірнеше сағатқа қалдырыңыз.
Аталған әдістер ваннаңызды ағартып, тазартады. Іске сәт!