- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Ұзату тойының қонақтары...
Ұзату тойының қонақтары – үйсіз-күйсіз жетімдер
Дәл тойдың қарсаңында қалыңдық күйеу жігітпен ұрсысып қалады. Қыздың ата-анасы Вилли мен Кэрол Фаулер болса, не істерлерін білмей, ыңғайсыз күйде қалған. Салтанатты мейрамхана, сәнді ас мәзірі және асаба қызметі - бәрі төленіп, күні бұрын жоспарланып қойыпты.
Бірақ ерлі-зайыпты Фаулерлер ұзақ торығып жатпаған. Олар еш нәрседен бас тартпай-ақ, молшылыққа үйсіз-күйсіз жүрген жетім-жесірді шақыруға болатынын ойлаған. Сөйтіп, ұзату тойына Атлантаның (Джорджия, АҚШ) қараусыз қалған қайырымды халқы шақырылыпты.
Содан, қыркүйектің тамаша бір күнінде “Кристина” вилласына автобуспен бір топ сау ете қалған. Құрметті меймандарға аста-төк дастархан ұсынылады.
"Аш-жалаңашты асыра" ұйымының қызметкерлері алғашында ерлі-зайыптылардың бұл қылығын қалжың деп түсінсе керек-ті: 200 үйсіз-күйсіз жанды сәнді де салтанатты үйдегі үлкен дастарханға кім шақыруы мүмкін?! Мұндай болар деп кім ойлаған?!
Вилли мен Кэрол тойдан алған өз әсерлерін "ащы қуаныш" ретінде қабылдапты. Шашылған ақшаны қайырымдылыққа жұмсау бір жақсы әсер қалдырған екен.
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
сурет: pobieramysie.pl schastie-spb.ru cukierniakowalscy.pl
Л. Лига