Үйленбеуге себеп бар

Үйленбеуге себеп бар

Бозбала күнде үйлі-жайлы ағалардың "Үйленбе!" деген бұлыңғыр кеңесін естіп қалып жатады. Жауап алғын келсе, айтар жауаптары да белгілі - "Кейін түсінесің". Ал менің үйленгім келіп жүр...

Толысу һәм кесектену

Бәрінің ойынша, әйел баласы босанғаннан соң толып кетпек. Сөйтсек, олай емес екен. Мәселен, жақында ғана Квинсленд (Аустралия) университетінің ғалымдары үй болған соң баласыз келіншектердің де көзге оғаш толыса бастайтынын анықтаған.

Ғалымдардың дәлелдеуінше, отбасылық өмірдің алғашқы он жылында әйел баласы кемінде жеті-сегіз келі салмақ қосады. Ең аз көрсеткіші осы. Ал психолог мамандар болса бар кінәні мінез-құлықтың өзгеруінен дейді: әйел баласы өз ерін тапқан соң, босансып кететін көрінеді.

Мұндай жағдайда әр отбасы мүшесіне диета мен фитнестің қажеттілігі туындары анық.  

Айтқымыз келмесе де бір шындықтан қаша алмаспыз, ол – сыңарларының артық салмаққа тап болуына көбіне ерлердің жауапты болуы. Қалай дейсіз ғой? Өздері үлгі емес пе!

Қыз-келіншекке көз салмау

Өмірдің жандана түсуі үшін әртүрлілік (орысша - разнообразие) қажет. Нақтырақ айтсақ, бұған дейінгі өмір жанданып келген. Бір қырынан алғанда, өмірдің жандануы дегеніміз - сіз танысқан кафе алдындағы сол бір бейтаныс сұлу да болуы мүмкін. Ал енді бастан сол күндер бұл-бұл ұшсын. Жалғыз әйел қалғанының бәрін шектеп тастамақ.

Өмірдің жандануына кішкене дау-дамайлар өз үлесін қосады десек те, алайда, оның арты қиындықтарға ұласуы мүмкін екенін ұмытпайық. Сондықтан, бәрібір де, ертелі-кеш бір жаққа шығуыңызға тура келеді. Бір адамдар жасырын, арты жұмбақ әрекеттерге барып жатады. Ал ендігі бір адамдар бейтаныс сұлудың жалғыз ауыз сөзінен тосылып қалуға мәжбүр: «Маған өкінішті, бірақ, сен үйленген адамсың ғой!» Иә, сөзсіз, өкінішті-ақ.

Неке қымбатқа түседі

Неке туралы әңгіме өрбіген уақыттан бастап қаржы көзі тоқтаусыз жұмсалмақ. Мәселен, 2009 жылы американдықтар бір ғана неке тойларына 71 миллиардқа шығындалыпты. Біздер, әрине, АҚШ-та тұрып жатқан жоқпыз, алайда, асыр салғанды жанымыз қалап тұрар. Өз кезегінде, бәрі де "бақытты" сыңар үшін...

Соңғы зерттеулерге көз жүгіртсек, отбасылық өмірдегі көптеген келеңсіздіктер тікелей қаржы мәселесіне тірелетін болып отыр. Бәрі былай қарағанда жақсы көрінеді, күнде сыңарың үйге қосымша кіріс көзін әкеп жатады - алайда, сол кірісті бір жерге жұмсау үшін жүз рет ұрысып, мың рет өкпелесіп жатасыз.  

Ақырында, ең жаман шығын деп айырылысу һәм ажырасуды айтуға болатын шығар.

Бар-жоғы төлқұжаттағы штамп қана

Білесіз бе, барынша жақсы өмір - сүйіктіңізбен бірге тұру және оған күтім жасау. Төлқұжаттағы штамп нені өзгертпек? Бұл деген жай ғана заңгерлік формальдылық болып табылады: үйді бөліске салу немесе баланы рәсімдеу. Егер мұның бәрі жоспарда болмаса, онда ресми некенің қажеті шамалы. Әрине, қазақта бәрі басқаша ғой...

Қыдыру-мыдыруды доғару

Бұрында достармен әй-шай жоқ моншаға немесе балық аулап кете беретінсің? Ал енді ол жағы ұмытылуға тиіс. Сенің бүкіл өмірің сүйспеншіліктің жоспарланған түріне көшеді. Бұл деген айлық, жылдық және он жылдық жоспарлар, мейрамханаға, киноға немесе клубтарға бірлесіп бару.

Қысқасы, жастықтың желөкпе қызығына шектеу қойылмақ.

Үйлену - мәңгілік ымыра

Ертеректе бүкіл өмірің өзіңе ғана тиесілі еді: енді жарты өмірін өзге біреудің тілектерін, бұйрықтарын, қыңырлығын орындаумен өтпек. Ал қалған уақытта өз іс-қадамдарыңды ой-саналық тұрғыда саралайтын боласың: ал кенет ол құптамай қалса ше? Оның "менмендігі" бар тұста тұрақтап алған: шкаф ішінде, тоңазытқыш, ноутбук, одан қалды асқазан дегендей.

Неке жиі бұзылады

Бүкіл өміріңді жеребеге сыйға тартпақсың ба? Бүркіт - сен тірісің, шік - өлгенің. Некеде де дәл солай: статистикаға үңілер болсақ, некелік одақтардың елу пайызы ыдыраумен аяқталады екен. Ғашықтық бәлендей маңызды тұрақтылық емес: сезім атаулысы әрқашан тұрақсыз әрі өшпелі.

Неке - тыйым салынған тәуекел

Өмірде ара-тұра нар тәуекелге барған дұрыс - бұдан шырқап шыңға шығуың да немесе құлдырап кетуің де ғажап емес. Ал егер сен жалғыз болсаң, онда ешкімге залал тимейтінін біліп, үнемі тәуекел үстінде жүресің.

Басқа мәселе, егер іс ақырында біреу зардап шегіп жататын болса, онда, ол - отбасың. Неке күллі сақтық шешімдердің уақытына айналады.  Оңға оғаш бір қадам, солға оғаш бір қадам – орға түсу. Дұрыс-ақ? Иә. Қызық-ақ? Екіталай.

Неке - бұл мәңгілікке

Ойлан, бірнеше жыл бұрын қандай едің. Сосын тағы да одан бұрынғы бағзы күндерге зер салып қарайлашы. Сол күйіңде қалғансың, бірақ, бар уақытта бірнәрсе өзгеріп жатады: талғам, қылық, ойын-қызық. Енді жақын 30 жыл ішінде де дәл сол қалпында қаласың – құдды шеңберден ауытқи алмайтын тиін секілді.

Сондықтан, той кешінде жарыңызды жақсылап сүйетін болыңыз: еркін өмірдің қоштасу сүйісі орын алмақ.

 

Сурет:myunrevealedthoughts.blogspot.com; www.15min.lt; vk.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига