Үйге қажет кеңестер

Үйге қажет кеңестер
Фото: meclean.ru

Сүтке батырылған шүберекпен жаңа тиген сия дақтарын кетіруге, айнаны, сурет рамасын, музыка аспаптарының пернелерін тазартуға болады.

***

Көктемгі жаңбырға дейін қолшатырыңызды алып қойыңыз. Бірақ алдымен оны ашып, қатты аққан судың астына ұстаңыз, кір жуатын ұнтақтың ерітіндісіне батырылған жұмсақ шүберекпен ысқылаңыз. Жартылай ашылған күйінде кептіріңіз.

***

Үйдің ішін жинастырғанда, бөлме өсімдіктерінің тазалығын да міндетті түрде ойластыру қажет. Легенге жылы су құйып, сабын, губка немесе жұмсақ шүберек, жұмсақ щетка (тіс тазалайтын щетка да болады) дайындаңыз. Қабықты, әсіресе, қатпарлы жапырақты өсімдіктерден  алдымен шаңды құрғақ щеткамен тазартыңыз (кактусты щеткамен тазарту керек). Құмыраны легенге қойып, жылы сумен өсімдікті жуыңыз. Содан соң таза суық сумен шайыңыз. Сабынды көбіктің топыраққа түсуіне жол бермеңіз, өсімдіктердің тамыры сабынды көтере алмайды.

***

Егер серванттың немесе шкафтың жылжымалы әйнегі тұтылып қалса, төменгі қырына вазелин жағыңыз.

***

Егер үстелдің тартпасын суыру қиындаса, оған сулы сабын жағыңыз.

***

Сіз бір құты зеленканы немесе сияны жылтыратылған ақшыл үстелге аударып алдыңыз делік. Оны дереу сорғызып алыңыз да, қалып қойған дақты қарындаш өшіретін кәдімгі өшіргішпен өшіріңіз, ол үстелдің жылтырын бүлдірмейді. Сия өшіретін өшіргіш бұған жарамайды, он тек эмальданған заттардан кетіру үшін қолдануға болады.  

***

Егер кермаикалық вазадан су аға бастаса, оның түбіне кез келген лакты аздап құйыңыз да, кисточкамен қабырғаларына жаңығыз. Су өтпейтін тығыз қабыршақ пайда болады.

***

Шай демдейтін құманға қайнаған су құймай тұрып, бір шақпақ қант салсаңыз, шайыңыз хош иісті әрі қою болады.

***

Егер ұн тұрған шкафта ылғал барын байқасаңыз, бірнеше құрғақ лавр жапырағын салыңыз. Олар ылғалды жақсы сорып алады.

***

Ыдыстың түбінде пайда болатын шай мен кофе дақтары сірке суы қосылған сода ерітіндісімен суланған шүберекпен оңай тазартылады. Ыдыс айнадай жарқырап шыға келеді.

***

Ұзақ уақыт пайдаланылған пышақтар, қасықтар мен шанышқылар қарайып кетсе, оларды картоп пісірілген суға салып, бірнеше минутқа қалдырыңыз. Сүрткеннен кейін, бұрынғысындай жалтырап шыға келеді.

***

Пышақтарды жарты сағат тұз ерітіндісінде ұстасаңыз (1 стақан суға 1 қасық тұз), олар әлдеқайда жақсы қайралады.

***

Үй жөндеу кезінде бетіңіз бен қолыңызға тиген бояуды жуудан бұрын, теріңізге қандай да болсын бір май жағып, біраздан соң ыстық сумен сабындап жууға болады.   

***

Әйнек көп буланбасын десеңіз, оны глицерин (1 бөлік) мен спирттің (20 бөлік) қоспасымен ысқылаңыз.

***

Қауырсын және мамық жастықтарды көлеңкеде желдеткен жөн, тік түсетін күннің көзінен қауырсын сынғыш болады.

***

Фарфор ыдыс тұзды суда жуған жақсы (1 литрге 3 ас қасық).

***

Фарфор ыдыс қою шай дағынан содамен тазартылады.

***

Гүлдерді таңертең ерте немесе қараңғы кеште қиып алады.

***

Ваннаны көпке дейін бастапқы қалпында сақтау үшін таза ұстаумен қатар, бірден аса ыстық не өте салқын су ағызбай, жылы ғана суды пайдаланыңыз. Әйтпесе, ваннада сызат пайда болып, оған кір, дақ жиналып, сарғайып кетеді.

***

Ет жуған су үйде өсетін гүлдерге жақсы тыңайтқыш болады. 

***

Қыстың аязында терезеге мұз тұрмасын десеңіз, жұмсақ шүберекті тұзды суға малып, әйнегін екі жағынан да сүрту керек.

***

Ашып-жапқанда шиқылдайтын есіктің топсасына вазелин не сұйық май жағып қойыңыз.

***

Қабырғаға жапсырылған түсқағаз оңайлықпен алынбайды. Оны жеңілдету үшін, үтіктің ыссы буын басып жүргізсе, тез алынады.

***

Дастарханның қайрылған жерін сынбасын десеңіз, іш жағына лейкопластыр жапсырып қою керек.

 ***

Әйнекке тиген майлы дақты мүсәтір спирті қосылған сумен жуып тазартады.

***

Тоңазытқыштың мұзын ерітіп, суын төккеннен кейін жылы суға ас содасын қосып жуып, іші әбден құрғағанша бір-екі сағат ашып қойған жөн. Сонда оған қойған тағамдар иістенбейді.

Г. Берік