- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Үйдегі қауіпті иістер....
Үйдегі қауіпті иістер. Назар аудармауға болмайды
Үйден қандай да бір жағымсыз иісті сезсек, әдетте, терезелерді ашып, үйді желдетіп аламыз. Алайда, аса мән беру қажет қауіпті иістер бар.
1. Газдың иісі
Табиғи газдың иісі жоқ, бірақ оған меркаптан күкіртті қосылысын қосады. Ал оның өзіне тән жағымсыз иісі бар. Егер үйден сол иіс пайда болса, газ шығып кеткен болуы мүмкін. Газ кранын жауып, терезелерді ашып, 104 немесе 112 нөмеріне телефон шалыңыз. Жарықты және электр құрылғыларын қоспаңыз. Себебі кішкене ұшқынның өзі өртке айналу қаупін тудырады.
2. Дымқылдың иісі
Ол үйде зеңнің пайда болғанын білдіруі мүмкін. Ол тек жағымсыз иіс беріп қана қоймай, астма мен аллергияны асқындырып жібере алады. Зең жуынатын және асүй секілді дымқыл жерлерді жақсы көреді. Сондықтан, бірінші кезекте, осы бөлмелерді тексеріп шығыңыз.
3. Канализация иісі
Егер үйдің ішінен тазалау станциясындағыдай иіс шығып тұрса, бір жерден канализациялық құбыр жарылған болуы мүмкін. Канализациялық коллекторларда құрамында жарылу қаупі бар уытты компоненттерден (күкіртсутек және метан) тұратын биогаз түзіледі. Сондықтан кейінге қалдырмай, басқарушы компанияға хабарлаңыз немесе сантехник шақырыңыз.
4. Түтін иісі
Қатты емес түтін иісінің өзін елемей қоюға болмайды. Егер оны нақты сөндіргішті басқанда немесе электр құрылғыны қолданғанда сезсеңіз, ол сымдар жүйесіндегі проблеманы білдіруі мүмкін. Ол өрт қаупін тудырады, сондықтан тезірек электрикті шақырыңыз.
5. Балық иісі
Егер теңіз өнімдерін сатып алмасаңыз да, оларды пісірмеген болсаңыз да үйден балықтың иісі шығып тұрса, ол қандай да бір электр құрылғысының қызып кеткенін білдіруі мүмкін. Балықтікіне ұқсайтын күйдіргіш иіс сол электр құрылғының қасында тұрған пластик, резеңке немесе басқа да материал балқып бастаса шығады. Ол да өртке әкелуі мүмкін, сондықтан жағымсыз иістің себебін анықтау үшін электрикті шақырған дұрыс.
6. Бояудың иісі
Көптеген бояуларда ұшатын органикалық қосылыстар бар. Олар кебу процесі кезінде буға айналатын зиянды заттар. Олар денсаулыққа қатысты проблемаларға әкелуі мүмкін: тыныс алу жолдарының тітіркенуі, бас ауруы, жүйке жүйесінің зақымдалуы. Сондықтан үйде бірдеңе боясаңыз, бояу кезінде және одан кейін жақсылап желдетіңіз. Ол толықтай кепкенше үйде болмауға тырысыңыз. Келесіде құрамында ұшатын органикалық қосылыстары аз бояулар іздеңіз.
7. Аммиактың иісі
Оны, сондай-ақ, мысық сідігінің иісі деп те атайды. Егер құрамында аммиак бар тазартушы құралдар қолданбасаңыз және үйіңізде мысық болмаса, ол ағып жатқан салқындатқыш (хладагент) болуы мүмкін. Бұрын сол мақсатта аммиакты қолданатын, сондықтан егер тоңазытқышыңыз ескі болса, иіс содан шығып жатыр ма жоқ па тексеріңіз. Аммиактың уытты зат екенін ұмытпаңыз, проблеманы өздігінше шешуге тырыспаңыз. Маманды шақыртыңыз.
Мұндай иіс шығуының тағы бір себебі — үйде бір жерде кеміргіш өліп қалды. Бұл қауіпті емес, бірақ тышқандармен күресу керек болуыңыз мүмкін.
8. Тердің иісі
Егер үйіңізде кондиционер болса, тұрып қалған тердің иісі содан шығуы мүмкін. Оның ішінде шаң, ластық және бактерия жиналатын сүзгі бар. Оны арасында тазартып, жуу керек. Егер оны тазартпағаныңызға көп болса, байқап көріңіз. Содан соң иіс кетуі мүмкін.
А. Жапатова