Үйдегі жағымсыз иістен арылу үшін

Үйдегі жағымсыз иістен арылу үшін
Фото: kursremonta.ru

Байқасаңыз, әр үйге барғанда әртүрлі иіс шығып тұрады. Бұл бір күндік не ұзақ уақыттық болуы мүмкін. Біреудің үйінен үнемі ыстық, тәтті тағамдардың иісі шықса, енді біреудің үйінен сыздың иісі білінуі мүмкін. Үйдегі барлық артық иістен арылуға болады. Қалай?

Үй тазалар кезде шаңсорғышты қоспай тұрып, мына әдісті байқап көріңіз. Кішкене мақтаға лаванда майын тамызып, оны шаңсорғышқа матап қойыңыз. Сонда ол жүрген ізінің барлығына провансальдық хош иіс қалдырып өтеді. Немесе лаванданы өз талғамыңызға қарай, цитрус иісіне, апельсин майына алмастырсаңыз болады.

Тоңазытқыш
Саз балшықтан жасалған кеуек тасқа не қарапайым дәкеге лаванда эфир майының 1 тамшысын және лимон майының 1 тамшысын тамызып тоңазытқыш есігіне салып қойыңыз. Дәкеде эфир майы тез буланып кетеді. Эфир майын мезгіл-мезгіл сайын ауыстырып отырыңыз.

Қысқатолқынды пеш
Су құйылған ыдысқа үш тамшы лимон эфир майын не жалбызды салып, қысқатолқынды пеш ішіне салып қойыңыз. 3 минут өткен соң алып тастаңыз. Пешіңіз хош иісі аңқып тұрады.

Қоқыс шелегін жақсылап жуып тазалап, кепкен соң, түбіне мақта не мата салып қойыңыз. Оған да лаванда майының бір тамшысын тамызуды ұмытпаңыз.

Өзіңізге ұнайтын иісті эфир майын алыңыз да, оны 1 л сіркесуына қосыңыз. Сілкілеп, араластырыңыз. Бұл қарапайым да тиімді қоспаны кез келген жерді тазалауға қолдансаңыз болады. Тіпті күлсалғышқа да хош иіс береді.

Т. Есқали