Ауа ылғалдылығы – көпшілік аса мән бермейтін өлшемнің бірі. Алайда үйдегі жағымды атмосфера кейде осы өлшемге де байланысты келеді. Қолайлы ауа ылғалдылығы қандай болуы керек және өте ылғал немесе құрғақ ауа несімен қауіпті?
Ауа температурасы секілді оның ылғалдылығы да үйдегі жағымды атмосфераның маңызды белгісі болып табылады. Егер үйдегі ылғалдылық көрсеткіші қалыптыдан өзгеріп тұрса, ол адам денсаулығына әсер етуі мүмкін. Бұл көрсеткіштер санитарлық ережелермен және нормалармен бекітілген. Бөлменің ылғалдылық деңгейін тексеру оңай. Қажет болса, үйдің микроклиматын жақсарту да қиын емес.
Ылғалдылық – температура секілді тұрақсыз коэффициент. Ол мерзім, тәулік уақыты, жиһаздардың орналасуы, жөндеу жұмысы және басқа да факторларға байланысты өзгеріп тұрады. Бұл өзгерістердің әсерінен үйдегі адамдардың, бөлме гүлдерінің және жиһаздардың жағдайы да өзгереді.
Тұрғын үйдің бөлмесі үшін қолайлы температура – 20-22 градус Цельсий. Мұндай температураға ауадағы су буының мүмкін мөлшері есептелінеді. Оның бір куб метр оттектегі пайыздық қатынасы ылғалдылық көрсеткіші болып табылады.
Санитарлық нормалар бойынша, жаз мерзімінде оның деңгейі шамамен 40-60% арасында болуы керек. Ол балалар бөлмесінде 45-60%, ересектердің жатын бөлмесінде 40-50%, ал жұмыс орнында 30-40% болғаны жеткілікті. Климаты өте ылғал аймақтарда 70% болуы мүмкін, бірақ одан жоғары болмайды. Ал жылыту құралдары қосылатын мерзімде бұл деңгей төмендейді.
Құрғақ ауа салдары
Қыста жылытқыш құралдар іске қосылған кезде көптеген үйдің климаты өте құрғақ болып кетеді. Ағза көбірек ылғал жоғалта бастайды, ол иммунитетке өз әсерін береді. Сондай-ақ құрғақ ауа сыртқы келбетке және жалпы денсаулыққа жағымсыз әсер етеді. Жазда да ыстықтың кесірінен ылғал жетіспеуі мүмкін. Ол туралы жапырақтарының ұшы сарғая бастаған бөлме өсімдіктері, синтетикалық маталардың электрленуі және хал-жағдайыңыздың нашарлай түскені айта алады.
Егер ылғал жетіспесе, мынадай өзгерістер орын алады:
- Шырышты қабықшалар қорғаныш функциясын жоғалтады: олар көбірек вирус өткізе бастайды, соның себебінен үйдегі адамдар мен үй жануарлары жиі ауыра береді;
- Шаш құрғақ бола түседі. Олар күңгірттеніп, сынғыш болады. Шаш көбірек түсіп, ұштануы мүмкін;
- Тері құрғақтанады және тері түсі біркелкі болмайды. Тері аурулары және әжімдер пайда болуы мүмкін;
- Көз жылдам шаршайды. Құрғақ көз синдромы пайда болуы мүмкін;
- Асқазан шырыны тұтқырланады. Ол ас қорытуға жағымсыз әсер береді;
- Қан айналу баяуланады, сондықтан бас айналуы немесе ауыруы мүмкін. Жалпы әлсіздік орын алып, жүрекке көбірек күш түседі;
- Құрғақ ортада аллергендер белсенді көбейеді. Сондықтан аллергиясы немесе демікпесі бар адамдарға ол қосымша жағымсыздық сыйлайды;
- Бөлме өсімдіктері қиналады;
- Ағаштан жасалған жиһаз құртылады.
Өте ылғал ауа салдары
Өте ылғал бөлмеде отыру да жағымсыз. Үнемі дымқылдық сезінуден басқа оның адам денсаулығы мен хал-жағдайына тигізетін жағымсыз салдарлары бар:
- Саңырауқұлақтың және зеңнің белсенді көбеюі;
- Бөлмеден және заттардан жағымсыз иіс шығу;
- Тыныс алудың қиындай түсуі;
- Жуылған киімдердің кеуіп болмауы;
- Тыныс алу жолдары ауруларының даму қаупінің жоғарылуы;
- Созылмалы аурулар мен аллергияның күшеюі;
- Бөлме өсімдіктерінің шіруі;
- Ағаш бұйымдардың өзгеріске ұшырауы.
Ылғал көрсеткіші қалыпты емес екенін қалай білуге болады?
Құрғақ немесе өте ылғал климаттың салдары әрдайым бірден біліне бермейді. Олардың алдын алу үшін үйдегі ылғалдылық деңгейін уақытылы тексеріп тұрған жөн. Оны бірнеше әдіспен тексеруге болады:
1. Айқын белгілерге мән беріңіз
Жоғарыда айтып өткендей өте құрғақ немесе өте ылғал ауаның айқын белгілері бар. Егер шашыңыз бен киімдеріңіз үнемі электрленсе немесе киімдеріңіз кеуіп болмаса, терезеңіз суланып тұрса, бұлар ылғалдылық пайызының ауытқып кеткенін білдіреді.
2. Ылғалдылықты өлшейтін құрал алыңыз
Оны өлшейтін түрлі құралдар бар: гигрометр, датчик, үй метеостанциясы, арнайы функциясы бар ауа ылғадауыш. Арнайы құралдар максималды түрде нақты мәлімет береді.
3. Дәстүрлі қолданыңыз
Егер арнайы құрал болмаса, оны дәстүрлі әдіспен тексеруге болады. Бірақ олар 100% нақты мәлімет бермейді. Алайда шамалап сезіміңізге жауап табасыз.
Бірінші әдіс: бөлмеге төсек-орын жабдығын кептіруге қойыңыз. Егер ол бір жарым сағаттан аз уақытта кепсе, ауа құрғақ екенін білдіруі мүмкін. Егер күні бойы және келесі күні де кеппеген болса, ылғалдың көптігін көрсетеді.
Екінші әдіс: шыршаның бүршігі арқылы анықтау. Ол үшін құрғақ шырша бүршігі керек. Оны жақсы желдетілген бөлмеге және барлық жылу көзінен ары қойыңыз. Егер бірнеше сағаттың ішінде қабыршақтары қатты ашылып кетсе, ауа құрғақ. Ал бүрсіп қалса, ауа ылғал.
Үшінші әдіс: қарапайым стақанға су құйып, оны тоңазытқышқа 3 сағатқа салыңыз. Содан соң оны шығарып, бөлмеге жылу көзінен алыс жерге қойыңыз. 5 минуттан соң стақан қабырғасынан конденсат пайда болуы керек. Егер осы уақыт аралығында олар толықтай кеуіп кетсе, бөлмедегі ауа қатты құрғақ болғаны. Ал егер стақан қабырғасынан су тамшылар ағып тұрса, ауа өте ылғал болуы мүмкін.
Ауаны ылғалдандыру жолдары:
- Жиі желдету;
- Үйді жиі ылғалдап жуу;
- Арнайы электрлік ауа ылғалдауыш алу;
- Су маталарды жаю;
- Бөлмеге бүріккішпен су шашу;
- Бөлме өсімдіктерін ұстау;
- Аквариум немесе сәндік фонтан сатып алу.
Егер үйде ылғал көп болса, бөлменің ішін жылыту керек. Жылытқаш құралдардың қуатын күшейтіп қойыңыз. Барлық ылғал көзін алып тастаңыз. Барлық тесікті, жарықшаны бітеп, жөндеу жұмысын жүргізіңіз. Сондай-ақ жуылған киімді проблемалық бөлмеде кептіруге болмайды.
Ауаны кептіруге мына құралдар да көмектесе алады:
- Ауа сорғыш;
- Кондиционер;
- Жылытқыш;
- Ауа кептіргіш құрал.
Үй микроклиматына арналған сұраныстағы құралға ауа ылғалдауыш жатады. Біздің жылыту кезеңі ұзаққа созылатын елде құрғақ ауа жиі кездесетін проблема болып келеді. Соның себебінен иммунитет төмендейді, ол дегеніміз тыныс алу аурулары көбейеді.
Ауа ылғалдауыштардың бірнеше типі болады:
- Суық ауа әсері бар (ол тазартылған сұйықтық қолдануды талап етеді);
- Ыстық буы бар;
- Гигрометрі қондырылған;
- Ультрадыбыстық (үлкен жерлерге жақсы);
- Ауаны тазарту функциясы бар (зиянды бактериялардан арылуға көмектеседі).
Сондай-ақ олар қосымша функциясымен және бағасымен ерекшеленеді. Олардың сипаттамасы мен пікірлерді оқи отыра, тиімді түрін алу қиындық тудырмайды. Егер сізге құрғақ ауа проблемасы таныс болса, мұндай құрал алу артық етпейді.